Бірінші тарау


Қылмыстық құқық теориясындағы «себепті байланыс»



бет4/7
Дата27.12.2023
өлшемі182,5 Kb.
#199634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кылм құқық КР

Қылмыстық құқық теориясындағы «себепті байланыс» аса күрделі мəселелердің бірі болып табылады. Орын алған қоғамға қауіпті іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік) пен одан туындаған зардаптың арасында себепті байланыс болмаса, қылмыстық жауаптылықтың объективтік негізі де жоққа шығады. Сондықтан да қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізгі шарты қылмыстық іс- əрекетпен одан пайда болатын қоғамды қауіпті салдардың арасында себепті байланысты анықтау болып табылады.
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс мəселесін зерттегенде еске сақтайтын бір жай, адамның əрекеті мен одан туындайтын қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті байланысты ғана анықтау қылмыстық жауаптылық мəселесін шешпейді. Қылмыстық жауаптылық үшін іс- əрекеттің объективті қоғамға қауіптілігін жəне адамның кінəлігін анықтау қажет. Себепті байланыс жауаптылықтың объективті шегін ғана анықтайды. Адамның əрекеті зардаптың пайда болуына жағдай жасамаса, іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігі жəне адамның кінəлігі туралы айтуға болмайды.
Теория мен тəжірибенің үздіксіз байланысы болашақта себепті байланыс мəселесін заңдастыруға мүмкіндік бере алады. Қоғамға қауіпті іс-əрекет мезгілі жағынан зардапқа себепші болып, оның пайда болуына нақтылы мүмкіндік жасаса, ал зардап істеген іс-əрекеттің қажетті нəтижесі негізінде пайда болғанда себепті байланыс орын алады. Қорыта келгенде, біздің ойымызша, келесі қорытындыларды жасауға болады:
«Себепті байланыс» ұғымы туралы көптеген көзқарастарға талдау жасау арқылы, себепті байланыс — ең алдымен философиялық, одан кейін қылмыстық құқықтағы заң санатына айналатынын негіздеу. Себепті байланысты анықтау тиісті белгілерге сəйкес жүргізілу қажеттілігін дəлелдеу [2].
Бірінші белгісі бойынша себепті байланысты дұрыс анықтау үшін міндетті түрде уақыт кезектілігі қажет. Қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындаған зардап белгі бір мезгілдік жүйелікте болуы керек. Себепті байланыс орын алатын бастапқы кезең, яғни іс-əрекет мезгілі, жөнінен қылмыстық нəтиженің алдын алуы тиіс. Егер де уақыт кезектілігі орын алмайтын болса, онда себепті байланысты анықтаудың қажеттілігі болмайды. Өйткені себепті байланыс тиісті мезгілдік жүйелікте болатын екі кезеңнің арасында ғана анықталуға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет