Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы



Дата13.12.2021
өлшемі18,91 Kb.
#125136
Байланысты:
сапа ж срс


Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған. Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б. т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

  • Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.

  • Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әлауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

• — Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

• — Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Экономиканың қалпына келуіне көп жағдайда Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен одан кейінгі даму негіздерін жасауға бағытталған шаралар шеңберінде ішкі сұраныс пен еліміздегі іскерлік белсенділікті қолдауға бағытталған іс-қимылы ұнамды әсер етті. Жедел индустрияландыру және Кедендік одаққа кіру жағдайындағы экономикалық өсім Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған мақсаттарға жету бойынша дұрыс бағыт таңдалғанын көрсетеді. Индустрияландыру бағдарламасын табысты бастау және «Жол картасын» жүзеге асыру әлеуметтік көрсеткіштерге ұнамды әсер етті. Екінші тоқсанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыссыздық деңгейі 0, 9 пунктке төмендеп, 5, 8 пайызды құрады. Жыл басынан бері инфляция деңгейінің төмендеуі де байқалады. Егер қаңтар айында ол 1, 4 пайызды құраған болса, маусымға келіп небәрі 0, 2 пайызға тең болған. Қабылданған шаралар шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенділіктің артуына мүмкіндік берді. Сала нысандарында шығарылған өнім көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 6, 1 пайызға көбейген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет