Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Махамбет аудандық білім бөлімі
Бірлестік – шеберлік мектебі
(эссе)
Дайындаған: Махамбет ауданы, Алмалы
орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі, математика,
физика, информатика пән
бірлестігінің жетекшісі
С. Г. Жүнусова
Атырау -2015 ж.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелетін міндет ауыр »
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауыында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
Мұғалімдердің Республикалық ІІ құрылтайында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп жас ұрпақ бағбандарының алдына зор мақсат қойды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика негізінде адамды қалыптастыруға, кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндетті шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты -өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет ете алатын және сол әрекетінен шешім таба білуге қабілетті, білімді жас тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр мектебі иновациялық даму жолында. Оған сапалы білім қажет.
Ал, нәтижеге жету әдістемелік бірлестіктің жоспарлы жұмыс жүйесіне байланысты. Мұғалімдерді де оқушыларды да оқытудың жаңа формаларына интелектуалды, коммукативті , эмоционалды бағытта дайындау қажет. Күш жігерді технологиялық және тәжірибеге бағытталған ізденіске жұмсау шарт.
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, өздігінен білім көтерудің жүйелілігін сақтау, кәсіби деңгейін көтеру, жас маманның ұстаздық қасиетін арттыру жолында жұмыстар ең алдымен мектептегі әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетіледі.
р/с
|
Жұмыс түрі
|
Уақыты
|
1
|
Метепшілік бақылау циклограммасы
|
Қыркүйек
|
2
|
Ашық сабақ, ашық тәрбие сағаттарының кестесін жасау
|
Қыркүйек
|
3
|
Бірлестік мұғалімдерінің біліктілігін қайта даярлау курсынан өткізу жоспары
|
Қыркүйек
|
4
|
Жас мамандармен жұмыс жасай отырып, тәлімгер жұмысын қарау.
|
Үнемі
|
5
|
Озат тәжірибені тарату
|
Кезінде
|
6
|
Қосымша сабақтар, үйірмелерді ұйымдастыру
|
Кезінде
|
7
|
Пән мұғалімдерін әр түрлі шараға қатысуын ұйымдастыру
|
Кезінде
|
Жоспарда мектептің оқу үрдісінен бастап, жаңа технологияны сабаққа енгізу, ақпаратты технологияны қолдану, озат тәжірибені тарату. жас мамандарға көмек, қосымша сабақтар, мұғалімдерді әр түрлі сайыстарға қатыстыру жұмыстары қамтылды.
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз, және шығармашыл жеке тұлғаны дамытудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Осыны басшылыққа ала отырып, ең алдымен әдістемелік бағытты өз жұмысыма арқау еттім. Себебі , мұғалімдерге әдістемелік басшылық жасай отырып, олардың ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына көмек беріледі. Мұндай жұмыстар қатарына ашық сабақты талдау, педагогтардың біліктілігін арттыру жолында курста оқыту жүйесіне сәйкес курсқа барып келген мұғалімдер есебін тыңдап, жаңалықтарды сезіну жатады.
Математика, физика, информатика бірлестігінде 6 мұғалім жұмыс жасайды. Оның 3-уі математика, 2-уі физика, 1-уі информатика пәнінің мұғалімі. Оның төртеуі І санатты, екеуі ІІ санатты мұғалімдер. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп, курстан өту жұмыстары қолға алынып жүр. Осыған байланысты физика пәнінің мұғалімі А. Кенжетаева 2012-2013 оқу жылында Орал қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінен 3-ай курс мерзімінен өтіп келді. Физика-информатика пәні мұғалімі Кенжетаева Алтынгүлдің есебін тыңдау, сабағына қатысып тәжірибе алмасу, талқылау көп көмегін тигізді.
Бірлестік жоспары бойынша түрлі шаралар іске асып келеді. Сыныптан тыс шаралар өткізуде мұғалімдеріміз, бірлесе отырып, апталықтар, кештер, қосымша сабақтар, үйірмелер өткізеді.
Өзімнің жетекшілігіммен шығармашылық ізденіске мұғалімдерді тарту жүзеге асып келеді.
Шағырмашылық адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы ізденуі. Оған шығармашылықпен жұмыс жасайтан мұғалімдеріміздің істері дәлел.5-сыныпта Есенбаева Калимаш математика сабағында ойын технологиясын қолдана отырып, шығармашылық есептерді шығару жолын зерттейді.
«Педагогикалық технология» білімнің барлық аспектілерін қамтитын, адамдардың идеалы болатын мәселелерді талдап жоспарлауы қазіргі біздің ғарыштап дамыған қоғамымызға, Елбасы қойып отырған талаптарға жетудің бірден-бір жолы.
Оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс-тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді іс-әрекеттің кешені ретінде пайдаланылады. Ол мұғалімдердің шығармашылық қызметі болып табылатын оқу-тәрбие процесінің күре тамыры ролін атқарады.
Оқушының қызығушылығын оята біліп, мағынаны танып, түсіне білуге, ұжымдасып топпен істеуте, саралап, салмақтап, өзіне сын көзбен қарауға, барлығын ой елегінен өткізуге оқытудың үш өлшемді әдістемесі технологиясының орны ерекше. Бұл ретте осы технологиямен жұмыс жасап жүрген физика пәні мұғалімі Кенжетаева Ажардың 7-сыныпта өткізген «Конденсаттар» атты сабағынан көруге болады, сонымен қатар иформатика пәні мұғалімі Закиева Баянның интерактивті тақтамен берген сабақтарын, Кенжетаева Алтынгүлдің Назарбаев зияткелік мектебінен оқып келген топпен жұмысы, оқушылардың сабаққа қатысуы, өз сөздерімен бірінің сөзін бірі толықтыруы әдістерін байқадық.
Оқыта отырып, баланы дамыту еркіндігі өз бетінше ізденуіне дағдыландырып, тұлғалыққа бағыттау мәселесін іске асыруда өзім саралап дамыта оқыту бағытында жұмыс істеп келемін. Осы технологияны пайдалана отырып, сабақ өткізуде жетістіктерімде жоқ емес.
Өзім өткізген ашық сабақтарда әріптестеріме осы технолгияның тиімді жақтарын көрсете отырып, танымдық қызығушылығын арттыру арқылы жеке тұлғаның өзіндік ой-пікірін қалыптастыруға күш саламын.
Оқушылардың білімдерін толықтыра отырып, олардың ақпараттық жүйемен жұмыс жасай білуін қамтамасыз еттім. сабақ әріптестерімнің көңілінен шығып, жас мамандарға үйретері көп болғанын тілге тиек етті. өзім жасаған жоспарды тарата айтсам, мұғалімдердің өзіндік жұмысын айтпай кетуге болмайды. өзіндік жұмысқа басшылық ете отырып, олардың жеке оқушылармен жұмыс жасауын қадағаладым.
Егеменді еліміздің ертеңіне өз үлесін қосып,тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпағы саналатын жеке тұлға тәрбиелеу- басты мақсатымыз
Сөзімді қорыта келе әр ұстаз сабақ беру үрдісінде қандай да болмасын, өзінің көп жылғы тәжірибесінен нәтиже берген өзіндік шығармашылық іс-әрекетін, қазіргі заманғы интерактивті жаңа әдіс тәсілдерін қолданып, өз нәтижесін берсе ұстаз еңбегінің еш кетпегенін көруге болады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты -өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет ете алатын және сол әрекетінен шешім таба білуге қабілетті, білімді жас тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Алмалы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі: Жунусова Сауле Губашевна
Геометрия-7сынып
|
Күні: 26.11.15.
|
23-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үшбұрыштар тарауын қайталау
|
Жалпы мақсаты
|
• Білімділік : Оқушылардың үшбұрыштар тарауынан алған білімдерін тиянақтап, пысықтау . Үшбұрыштар туралы анықтамалар, теоремалар-ды ,қасиеттерін есептер шығару кезінде пайдалана білуге алған білімдерін тереңдету.
• Дамытушылық : Оқушылардың математикалық білімдерін байыту; логикалық ойлау , танымдық ізденістерін , шығармашылық қабілет-терін дамыту.Пәннің нақтылығына көз жеткізу.
• Тәрбиелік : Бір –бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге;
өз бетінше еңбек етуге , жауапкершілікті сезінуге ; білім алуда
бәсекелестікке тәрбиелеу.
|
Негізгі идеялар
|
Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.бағдарламаның әр модулін ұштастыра отырып ,сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасау.
|
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі
|
Оқушылар топта жұмыс істеуге, бір-біріне деген көзқарасын өзгертуге , бірін-бірі тыңдай отырып ой түюге дағдыланады.Оқушының жауапкершілігі артады,ізденімпаздығы артады,топпен жұмыс істей отырып өзгенің пікірімен санасады,өздігінен ой қорытуға үйренеді.
|
Ақпарат көздері
|
Акт , интернет сайтынан материалдар іздеу
|
Іс –әрекер түрлері
|
Топпен жұмыс диалогтік әңгімелесу
|
Өзіндік жұмыс
|
Постермен жұмыс
|
Жұптық жұмыс
|
Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау
|
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
Тапсырма 45 минутқа арналып жазылған
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (2-минут)
Нәтиже
Топқа бөлу
|
Бір-біріне гүл беру арқылы жақсы тілектер айту.
4-түрлі түсті үшбұрыштар арқылы топқа бөлу. Оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады. Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар
І-топ . Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
ІІ- топ. Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
ІІІ-топ .Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
ІV-топ.Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар
|
2.Білу (10-минут) Постер қорғайды.
Үй тапсырмасы мен өткен сабақтарды қайталап еске түсіру
Үшбұрыштар туралы слайдтарды көрсете отырып ,тақырып жайлы не білетіндіктерін ортаға салу,жаңа тақырыптың мақсаты мен тақырыбын ашу.
|
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп,үшбұрыштар жайлы білетінін ортаға салады.Ұшбұрыштардың түрлерін ажыратады.
Үшбұрыштар жайында анықтамаларды, теоремаларды айтып қорғайды.
|
3.Өткен тақырыптар бойынша есептер шығарып жаттығу.(12 минут)
|
Топтарға тапсырма есептер беріледі.Жұптармен талқылайды, есептерін шығарып көрсетеді.Оқулықтағы есеп:
№139 Үшбұрыштың екі қабырғасының қосындысы 72 дм,үшінші қабырғасы бұл қосындыдан 18 дм кем. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. І-топ (126 дм)
№180 а)Тең бүүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы5м, табаны 7м болғандағы үшбұрыштың периметрін табыңдар ІІ-топ (17м)
№ 180 ә) Тең бүйірлі үшбұрыштың, бүиір қабырғасы 8 см, табаны 10см Периметрін табыңдар. ІІІ-топ (26 см)
№182 Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 6,2 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. ІV-топ (18,6 см)
ОЖСБ-ға келетін есептер: Үшбұрыш бұрыштары қатынасы 4:2:3 барлық бұрыштарын табыңдар. `(Жауабы 80*,40*.60* ) ҰБТ есебі математика 2015 тесте жинағы 4 нұсқа №17 АВС үшбұрышында < А = <С =70* В төбесіндегі сыртқы бұрышын табыңдар.
А) 40 * В) 120 * С) 110* Д) 140 * Е) 60*
|
4. Топпен жұмыс оларға әртүрлі тапсырмалар беріледі ,соны орындап бірін-бірі бағалайды.(8 минут)
|
Постер қорғау: Тапсырмасы: Үшбұрыштың тұрмыста, күнделікті өмі:рде қолданылуы.(сурет салу,әр түрлі қағаздармен қиып жапсырып қағаздарға орындау.)
( Құрлыста, Тігін цехында клоунның қалпағы, көрпе тіккенде құраулар ,жол бойындағы белгілер, үй тірлігінде ас мәзірін дайындауда кескіш тақта, бауырсақ пен печенье сияқты тәттілер формалары)
|
5. Шығармашылық тапсырма (5-минут)
|
Үшбұрыштар туралы есеп, өлеңқұрастыру, ертегі табу.сөзжұмбақ жасау.
|
6.сергіту сәті (3минут)
|
«Математикалық эстафета ойыны»
р/с
|
а
|
в
|
с
|
Р
|
Үшбұрыштар түрі
|
1
|
2см
|
3 см
|
7 см
|
12см
|
?
|
2
|
3 см
|
3 см
|
3 см
|
?
|
?
|
3
|
?
|
?
|
?
|
15 см
|
Тең қабырғалы
|
4
|
3 см
|
?
|
?
|
11 см
|
Тең бүйірлі
|
|
7.Жинақтау(5-минут )қайта қалпына келтіру арқылы теореманы жинақтайды.
|
Теореманы бөліктерге бөліп ,сөздердің орны ауыстырылып беріледі.оқушылар теореманы қайта қалпына келтіреді.
«Кім аз ойласа , сол қателеседі»
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап қиылысатын қабырғалары ... ... деп аталады гипотенуза
Үшбұрышы да сүйір болатын үшбұрыш ... ... ... деп аталады катет
Үшбұрыштың бір бұрышы ғана ... ... ... бола алады сүйір бұрышты
Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырғасы ... ... ... деп аталады 90°- қа
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ... ... ... тең болады сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш оның ... ... ... деп аталады доғал
|
8.Бағалау жұмыстарын жүргізу2-минут
9. . Сабақтың оқушыларға әсерін рефлексия арқылы анықтау.
3-минут
|
Топтарда және жұптарды оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Пайдаланылған құралдар:суреттер,қосымша мәліметтер,тапсырмаларды жазатын қағаздар,түрлі-түстікарандаштар,маркерлер,түрлі-түсті бағалау қағазы.
|
Үйде үйренуге берілетін тапсырмалар
|
Осы тақырыпта қосымша материалдарды пайдалана отырып дайындалу,№ 121 №122есепті шығарып келу.
|
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Алмалы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі: Жунусова Сауле Губашевна
Сабақтың тақырыбы: Екі санды көбейту
Сабақтың тақырыбы: Екі санды көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға санды көбейтудің ережелерін мысалдар келтіру арқылы ұғындыру
Дамытушылығы, тәрбиелілігі: Оқушыларды достыққа , ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу, қоршаған ортаға ғылыми көзқараспен қарауға, танымдылық белсенділігін арттыруда ойын элементтерін пайдалану және технологиялық әдіспен білім беруді қолдану.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Жаңа сабақты ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жылжымалы тақтада қайталауға арналған тест, таблицалар, табиғат көрінісі сурет, кеспе қағаздар.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Қайталау сұрақтары үшін тест
3. Жаңа сабақты ашу
4. Саяхат сабағы
5. Үйге тапсырма беру
6. Қорытындылап, бағалау.
1. Қайталау сұрақтары
1. –51+(20) А.71 В.31 С.-71 Д.-31
2. 40+(-2) А. 42 В 38 С. -38 Д.-42
3. -100-(-35) А. 65 В135 С.-65 Д.-135
4. – 48 +18 А. –30 В.66 С. –66 Д.30
5. х +(-8) = 13 А. 21 В. -21 С. 5 Д. –5
1. Жаңа сабақты ашу.
Бүгін Наурыздың 1-ші жұлдызы, жылдың қандай мезгілі; көктем, көктем туралы әңгіме , тақпақ айту.Халық педагогикасында математикалық білімнің қолданыс жағы басымдау. Біздің бүгінгі сабағымызға байланысты санды 9-ға көбейту ережесін “Қазақтың көбейту “ ережесі деп атайды .
Мысалы: 5-ті 9-ға көбейту үшін алақанды жайып, сол қолдан бесінші саусақты бүксек, бүгілген саусақтың сол жағындағы тұрған қырықты, оң жағындағы саусақтар бірлікті көрсетеді. Сонда 45 дегенді оқимыз. Сол сияқты 9-ды 6-ға көбейтуде солай.
Бүгінгі сабағымызға келсек.
Екі теріс санның көбейтідісі оң сан болады.
Мысалы: -5 *(-6) = 30 2 1 2
- ― * - ― =
7 5 35
2.Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі теріс сан болады. Оның модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең . Мысалы:(-5)*2 = -(5*2) = -10 Егер көбейткіштердің ең болмағанда біреуі нөлге тең, онда көбейтіндіде нөлге тең болады. Керісінше, егер көбейтінді нөлге тең болса, онда көбейткіштердің ең болмағанда біреуі нөлге тең болады. Мысалы: -3,8 * 0 = 0 0 * (-0,1) = 0 -5 * (х+2) = 0 х = -2 3.Саяхат сабағы саяхат туралы өлең Сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тоғайға математикалық білім деңгейін көтеру мақсатында саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығатын, аялдайтын, демалатын орындарды бір күн бұрын белгілеп, сол жерлерге жалаушаларды белгілеп кетеміз. Үйден шыққан соң автобусқа мінеміз, автобусқа билет сатылады. Билет сатуға бір оқушы көмектеседі. Мысалы Айтмағанбетова Әсемгүл. Билет көбейту таблицасы, барлық оқушылардан сұралады. Автобусқа отырамыз. Белгіленген жерден түсеміз. 1-жалаушада мынадай сұрақтар бар: №1. а) Екі санның көбейтіндісі ережесін айтып мысал келтіру. Б) таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесін айтып, мысал келтіру №2 жалауша Санды нөлге көбейту ережесін айтып, мысал келтіру. №3 жалауша Кітаптағы №979 есепті ауызша шығарамыз. 1) 7 *8= 56 2) –5 *6 = -30 3) 0,3 *(-0,2)=-0,06 4) –0,01*8,5=-0,085 7 *(-8) = -56 8 *(-5) = -40 -4 *0,5 = -2 0,7*(-3)=-2,1 -7 *8 = -56 0 *(-3) = 0 1,2 *(-100) =-120 -6*(-0,4)=2,4 №4 жалауша №981 есептің 1),2),4) есепте 27*(-6)=-162 2) –5*(-62)=310 3) 7 3 21 -67*(-15)=1005 169*243=41067 - * - = -15*0,87=-13,05 -16,9*3,02=-51,038 8 5 40 Осыдан кейін тамақтанып, біраз тынығып алып, ауылға қарай жүреміз.
5- жалаушаға келеміз. Ойлан , тап ! ойыны. Мына сандарды кестеге –1,2,-3,4,-5,6, -7,8,-9,10,-11,12,-13,14,-15,16 тігінен де көлденеңінен де , қиғашынан да көбейткенде оң сан шығатындай етіп орналастыру керек, кім жылдам!
Автобусқа келіп мінеміз,жолда жақсы-жақсы өлеңдер айтамыз. Ауылға келдік, енді үйге тапсырма аламыз. №983 есеп 6.7. қайталау. Саяхат туралы өлең шумағы. Ал, балалар, балалар Саяхатқа барайық Талай жерді көрейік Асулардан асайық Табиғатты қорғайық, Білімге біз енейік Жаңылмай, есептерді шешейік
Достарыңызбен бөлісу: |