Бірлестікке жалпылай бағыттау кезеңі



Дата04.10.2022
өлшемі45,25 Kb.
#151540
Байланысты:
кіріспе (2)



Бірлестікке жалпылай бағыттау кезеңі
(НЕГДИЛ)
Осы кездерде мен он жасқа келген бала едім, үкімметің саясатын тереңдей білмесем де, көзім көргенді әлі ұмытқаным жоқ. Ол кездегі он жастағы бала атқа мініп, қоралы қой жайып, маған ие болып, суыр өлтіріп келетін.Сондықтан әлі күні бүгінге дейін есімде.Адам да меншік дәулет дейтін болмайды, бір атын болсын, бір түйең болсын, бір күрек сайманың болсын (қоғамдық, үкіметтік)дәулетті болады деген заң шығын жаппай мал дәулетті бірлестілік дәулетті болдырып халық қолынан сыпырып ала бастады, бермегенін күшпен, бергендерін ықтиярымен алды. Адам басын бірлестіктің мүшесі ретінде қабылдады.Мал басын көбейтіп өздеріне бақтырды, сан тізім өкіметтің білімінде болды және де оқу білім медицинасы ашыла бастады.Үкіметпен партияныңьтақауыры шаш ал десе бас алып тұрған заман жетті.Қиыншылықтар көп болды, оңшыл асыра сілтеушілердің халық бұқара қамшысының астында қалды.Мал басына өңбейтін өнімді тап дейтін болды, табылмаса соттап, төлетіп өңдіретін заң шығарды. Бір адамнан, бір малдың сұрағы мен баңым күтімі, жауабы артты. Сол бертін (1987? ) малдан шыққын шікі зат; ет , сүт, май, теріүмүйіз сүйек бәрін планымен үкіметке тапсырып отырды. Үкімет оны экспорттап совет одағына өткізді. Совет одағынан техника машамеханизм, ішіп жем ,киім - кешек, ұн жай, дәрі-дәрмек, әлеуметтік қажеттілікке айыпбастады.
Монгол елін(мал, ауыл шаруашылық )елі болып атанды. Өндіріс аз болды, миханикалық тәсілмен шаруашылық жоқ болды. Машина, мотоцикл, трактор басқада техникалардың түр түрін 1957-1958 жылға дейін көрмедік деуімізге болады. Тек ат, түйе, сиыр, транспорталдық көлігіміз болды. Дүз деген түйемен Жібек жолы, Алтай Виски жолы ұн, жай , қант, мақта, киім кешек жеткізіліп әр жанұядағы адам басына шақтап таратып беріп тұрды.
Малдың бағын күтіміне келсек үкімет қаулысыннан былай шұғыл дабыл жұргізілді;біріншіден- үкіметтің малы өлмейді. Екіншіден;-үкіметтің малын қасқыр жемейді. Үшінші;-үкіметтің малы жоғалмайды.Төртіншіден;-үкіметтің малын ешкім қол сұқпайды.Бесіншіден; үкіметтің малы үнемі семіз тұрады.Алтыншіден;үкіметтін малы ауырмайды.деген жауапты сұрақтарға төрт мезгілдік көшпелі халықтың өріс қонысы және орыны жем шөп жоқшылығы сәйкеспейтіндіктен, халықтың мал бағу шаруашылығына ауыр соққы болды,малға жуқпалы дертте келді,үкіметтің айтқаны орындалмады,халықтың тіршілігі артпад ,ақыры тарап тынды. Горьвошоктың қайта құруы басталды. Меншік иесі капитал болып өз құқығымыз бен өмір сүріп жатқанымызға шүкірлік.
Феодализмнен социализмге көшетін түста қатыгездік, тасбауырлық адамгершілігі жоқ ағайындылық береке шайылған, үлкеннің сөзін жүре тыңдайтын, дін мен тіліне деген менсінбеушілік , ғұрп әдетті ұмыту сияқты ауыр қиыншылықтарға кезігіп, ақкөңіл адал ниетті көлеңкелеп рсы күнге шейін жалғасып келеді(сенудің өзі қиын).Сол жылдары малдары қырылып жер сымпап қалған адамдар зар мұңын жоқтау ретінде былай деп жазады;
Қолыма қалам алайын
Ашылар мекен сарайым,
Тұқымдық ешкіден қалар ма?
Доктоға шауып барайын.
Құдайым қайдан кез кылыд
Кемелек деген залымды,
Бұндай да қиын нәрсе жоқ
Жазамын хатқа бәрімді.
Сау күнін де ешкі аз еді
Өлген соң көп көрінді,
Екі рет пен өсіп ең
Қарақасқа көк болып,
Бағын қайтіп бұл күні
Жоғалармысын шөп болып.
Ебелек –ай ебелек
Ешкіге тиді ау кебелек,
Мүйізің қалдау ар сайда
Түбітпен іштік сар шайды.
Бекер шылап бұл имаш
Тұла бойым қақсайды,
Терің қалдау қаудырап
Сүйегін қалды ау саудырап.
Көгендеп сені қойған да
Тұрушы едің жаудырап,
Еркем еркем еркем-ай
Еркелеткен серкем-ай.
Қармен судан жүргенде
Іркілмеушем шіркін-ай,
Малданып ем ешкіні .
Он бестегі жасым-дай
Кемелек келді қайтейін,
Аз ешкімнің басын-ай
Арам өліп қалмасын,
Бір кісі кетпесің қасын-дай.
Имаш сорлы сайрайды
Пышағын өткір қайрайды,
Қайран қасқа серкесі
Бақырады,қазір жайрайды.
Сақтай гөр Алла заң сұрақтан
Түк қалмай таусылып барады,
Қаншама көп лақтан
Сегіз күнде жазылды.
Қатырам егіп құлақтан
-деп Күлиман тәтеміздің ағасы Иманғали құда жырлайды.
Үкіметтің диктаторлық жалпылай саясаты еңбекке екпінді кіргізу үшін, дала, қала бөлімшедегі адамдарды жалпыластыру режимімен жүргізді. Халық бұқараның үрейін алып, бағынышты болдырып, еңбекке баулады. Осы кездерді біздің көздеріміз көрді мыс.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет