Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер



Дата07.02.2022
өлшемі27,34 Kb.
#86269
Байланысты:
разработка


Пәні

Математика

Класс

5

Күні

06.02.2016

Тақырыбы

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер

Мақсаты

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептерді шығарып үйрену

Оқыту нәтижесі

А: Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есепті шешу жолын біледі
В: Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есепті шешу жолын біледі, қолдана алады, өнімділік ұғымын түсінеді
C: Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есепті шеше алады

Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс; сұрақ-жауап; ақпарат беру; өз бетінше іздену; АКТ; рефлексия.

Ресурстар

Дидактикалық тапсырмалар, кеңейтілген тапсырмалар

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Этаптары

Мұғалім
іс-әрекеті

Оқушы
Іс-әрекеті

І.Кіріспе /2 мин/
Үй жұмысын тексеру

Сабақтың мақсатын анықтау, топқа бөліну
№1204

Топқа бөлінеді

9/10; 9 ; 1



ІІ.Тұсаукесер
Ой қозғау
/3 мин/
Сұрақ

XYII ғасырдағы математикалық жазбаларда мынадай есеп кездеседі екен. Бір шебер қоршауды 3 жылда жасап бітіреді, ал екінші шебер 6 жылда бітіреді екен. Егер екеуі бірігіп осы қоршауды қанда уақытта бітіреді?
-Егер бұл жұмысты 3 шебер орындаса ше?
-Бұл қандай тақырыпқа берілген есеп?

Оқушылар ойларын ортаға салады
Жауабы: 3 жылдан кем болуы керек

Жұмысты бірігіп орындауға берілген есеп



ІІІ.Мағынаны тану
Ақпарат беру
/3 мин/


Сұрақ


Тапсырма №1
/3 мин/
Тапсырма №2
/3 мин/


Тәжірибе
/7 мин/
Сұрақ
/3 мин/


Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс
/5 мин+3*2 мин/


Сұрақтар


Жұптық жұмыс
/3 мин/

-Дұрыс, бүгінгі сабақта біз бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептерді шығарып үйренеміз


Сабақтың тақырыбы: «Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер»
-Біз бұл есепті неліктен шеше алмадық?
-Жұмыс көлемі берілген есепті шешіп көрейік:
1.Кітапханада 900 кітап түптеу керек. Осы жұмысты бір шебер 10 күнде, екінші шебер 15 күнде бітіреді. Екі шебер бірігіп жұмыс жасаса, қанша күнде бітіреді?
2.1200 кітап деп өзгертсе, шешімі қалай өзгереді?
-Жұмыс көлемі берілмеген жағдайда толық жұмысты 1 санымен алмастырамыз, 1 уақыт бірлігінде орындалатын жұмыс көлемін табу үшін 1:Т, бұл шама өнімділік деп аталады
Мысал: Диаметрлері әртүрлі екі түтікпен ыдысты сумен алдымен жеке-жеке, содан кейін бірге толытырып көрейік.
Алынған мәліметтерді кестеге толтырайық.



Уақыт

Өнімділік

І

42 с



ІІ

7 с



І және ІІ

6 с

+

1:
Бұндай есептерді шығару алгоритмін құрайық

1-топ. №1173 /Қытай, б.з.ІІ ғ/


2-топ. №1174 /Ертегі есеп/
3-топ. №1180 /Л.Ф.Магницскийдің «Арифметикасынан» Ресей, ХҮІІІ ғ/
1.Есептеріңдегі жұмысты атаңдар
2.Жұмыс өнімділітерді атаңдар
3.Егер сол жұмыстың көлемі берілсе, есептің жауабы өзгере ме?
№1176
Бұл есепті шығаруда қандай ерекшелік бар?

Сабақтың тақырыбын жазады


Бұл есепте жұмыстың көлемі берілмеген
І шебер 1 күнде 900:10=90
ІІ шебер 1 күнде 900:15=60
І және ІІ шебер 1 күнде 90+60=150
І және ІІ шебер барлық жұмысты неше күнде 900:150=6
Жауабы: 6 күнде
Өзгермейді
Дәптерге жазады

Мәліметтреді кестеге толдырады, мұғаліммен бірге есептейді


1). Екі жұмыс өнімділігін жеке-жеке есептейтіз:
1: және 1:
2). Өнімділіктерді қосамыз:

3). Уақытты табамыз:
1:
Есептерді тақтада қорғайды

1-топ. Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейінгі жолды ұшып өту


2-топ. Бір қойды жеу
3-топ. Үйме шөпті жеу

Ағасы 24 минут, 1/24


Інісі 40 минут, 1/40
Қарындасы ? минут, 1/х
Барлығы 12 минут, 1/12
Шешуі: 1/24+1/40+1/х=1/12, х=60

ІҮ.Қорытынды
Сұрақ-жауап
/3 мин/


Бағалау
/2 мин/


Үйге тапсырма

Бұндай есептерді шығару алгоритмін құрдық, алгоритм бойынша шығаруды үйрендік, тез орындау үшін қандай сызбаны қолдануға болады?


«Екі жұлдыз, бір тілек»
Тарауды қайталау, №1172

1.Уақытқа кері сандарды табу


2.Тапқан сандарды қосу
3.Қосындыға кері санды табу
Оқушылар топта сабаққа белсенді қатысқан, тақтаға шыққан оқушыларды бағалайды

Рефлексия /2 мин/
1.Екі шебер туралы есепте қоршауды қанша уақытта бітіреді екен?
2.Екі немесе одан көп объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептерді шығара аламыз ба?
3.Бұндай есептер шығаруда қандай қиындықтармен кездестіңдер?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет