Сілтеме
|
http://bilimland.kz ,
10-сынып жалпы биология ( жаратылыстану-математикалық бағыты) оқулығы.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтижесі
|
Оқушылар тақырып мазмұнын топпен, жұппен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады. Талдау, пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке жұмыстар, диалог әдісі.
|
Керекті құрал-жабдықтар
|
Электрондық оқулық, слайдтар, “Биология және салауаттылық негізі”, “Биолог анықтамалығы” әдістемелік журналдары, МАН (Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ негізгі деңгей).
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
Ұйымдастыру
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Топқа бөлу. Түстер арқылы үш топқа (қызыл, жасыл, сары) бөлу.
Топ басшысын сайлау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тест тапсырмасы арқылы тексеріледі.
|
1.Оқушылар амандасады. Оқу құралдарын шығарып, сабаққа дайындалады. Бірдей түстер алған оқушылар бір үштікке топтасады.
- Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды;
- Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді;
- Бағалау парағына топпен ақылдасып, критерийлер бойынша бағалайды.
|
Түстер (қызыл, жасыл, сары)
|
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
|
«Қызығушылығын ояту» Оқушыларға бейнефильм көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, өткен сабақпен байланыстырады.
Мағынаны тани білу» Жигсо әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.
|
Оқушылар бейнефильмді көру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.
|
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11875-virustar_degenimiz_ne
флипчарт, маркер
|
Қорытынды
|
Бекіту 1-тапсырма Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі (Тақырыпта берілген термин сөздердің анықтамасын немесе мағынасын жазу).
2-тапсырма
Вирустардың ерекшеліктері басқа тірі ағзалардан олардың қандай айырмашылығы бар?
Неге көптеген ғалымдар қазірге дейін вирустарды тірі ағзалар деп атауға келіспейді?
3-тапсырма
Сандар сыры.
(Тақырыпты пайдалана отырып, берілген сандардың не екенін жазу).
Оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды;
- Сұрақты түсінбеген оқушыға түсіндіреді;
- Нұсқаларды жинап, жауап парағы бойынша дұрыс жауаптарын оқушыларға тексертеді.
Оқушыларға рефлексия жаздырады, үйге тапсыма береді, қорытынды бағаны айтады;
- Оқушылардың бағаларын журналға түсіреді;
- Қорытындылайды, қоштасады.
|
- Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды;
Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді;
- Бағалау парағына топпен ақылдасып, критерийлер бойынша бағалайды.
- Бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазып, тақтаға іледі;
- Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазады, қорытынды бағаларын шығарады;
- бағаларын күнделікке қойғызады, мұғаліммен қоштасады.
|
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11875-virustar_degenimiz_ne
|