Мақал мәтел және сұрыпталған сөздер.
Көптің бірі емес аздың бір дегені болыңыздар барлық уақытта астан болсын бағаларың.
Жылқы дүл-дүлімен жетеді мақсатына.
Жігіт бірлігімен жетеді мұратына.
Екі тойың қабат болсын
Екі дүниең азат болсын.
Мадақтаумен мақтағанға молданба
Ақымақпен дос болма,
Иманның жігері бәрін де жеңеді.
Бірінші неке Алладан
Екінші неке Адамнан
Үшінші неке шайтаннан
Еркектің ақылы көзінде
Әйелдің ақылы сөзінде.
Нақыл
Екі жақсы қосылса жарасады
Жақсыға жаман қосылса бір-біріне қарасады
Екі жаман қосылса шатасады.
Мәтел.
Асың дәмді болса
Көңілің сәнді болар
Дайын асқа құлшылыс.
Балам дейтін ана болмаса, анам дейтін бала қайдан табылсын.
Нақыл
Малдан малдың несі артық, бірақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық, бірақ уыс шөбі артық.
Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.
Айтқаным болат деп сұраншақ болма,
Білегім жуан деп ұрыншақ болма.
Бітер істің басына, жақсы келсін қасыңа.
Көзің көзіне түссе мейірім бір-біріне сонда түсер.
Ата-ана баласына тағын жасап берсе де,
Бағын жасап бере алмайды.
Отызда ордалы болмасаң
Қырқында қамал алмайсың.
Туғанына жақпаған
Дұшпанына жағынар.
Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді.
Көзі жаман көлді бүлдіреді,
Ауызы жаман елді бүлдіреді.
Аллаға жағам десең, азаншы бол.
Ағайынға жағам десең, қазаншы бол.
Ауру астан, дау қарындастан.
Кей адамның дағдысы.
Сұрай қалсаң жағдайын, аярлығы дап-дайын боп тұрады.
Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз.
Сабақты бекіту. Оқушылардан әдептілік, имандылық, адамгершілік жайлы жоғарыда айтылғаннан не түсінгендерін сұраймын.
Үйге тапсырма: Адамгершілік элементтері ар мен ұят, үлкенді сыйлау, кішіге құрмет секілді сөздерді қалай түсінетіндіктері туралы шағын ойларын қағазға түсіріп келу.
Достарыңызбен бөлісу: |