Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Қазіргі уақытта жапондық капиталдың күштері төмендегі негізгі бағыттарға шоғырланған



бет71/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Қазіргі уақытта жапондық капиталдың күштері төмендегі негізгі бағыттарға шоғырланған:

  • өнімнің жаңарту үдерістерін жеделдету және жаңарту нормаларын жоғарылату;

  • перманентті кезеңдік және құрылымдық дағдарыстардың жаңа жағдайларын ескеруімен өнімді жаңарту шығындарын минимизациялау;

  • ойлап табу арқылы ғылыми ашудан жаңашылдықты бастапқы өндірістік және коммерциялық жүзеге асыруға дейін технология айналысын жақсарту;

  • жоғары табыс және әскери өндіріс мүдделеріне сәйкес жаңашылдықтың таратылу процесін басқару және үйлестіру;

әлемдік нарыққа кеңірек экспорттық шабуылды күшейту.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың АҚШ тәжірибесі
70-ші жылдардың экономикалық стратегиясы капитал және оны қолданудың еркіндігін экономикалық өсудің басты факторы ретінде қарастырды. Оған қарағанда 80-90-шы жылдардың экономикалық бәсеке қабілеттілік стратегиясы жаңа өнертабыстарға және «ноу-хауға» негізделген фундаменталды жаңа ғылыми сыйымды тауарларды құруға бағдарланады, ал нарықта бәсекелесу мүмкіндігі сапалы өнімді шығаруды қамтамасыз ете алатын алдыңғы қатарлы технологияларға тәуелді.
Соңғы онжылдықтар ағымында АҚШ экономикасы айтарлықтай құрылымдық өзгерістерді бастан кешірді, ол тек қана ғылыми-техникалық прогреспен ғана емес, сонымен қатар инновациялық процестер үшін жағдайлар құру қажеттілігімен туындады.
Инновациялық қызмет маңыздылығын түсіну бірден пайда болған жоқ. 80-ші жылдары әлемдік технологиялық лидерлікті жоғалту түсінігі пайда болды. Бірақ мұндай жағдайдың белгілері бұдан ертерек пайда болды, яғни 60-шы жылдардың аяғында, оны басты өндірістік дамыған елдердің патенттік белсенділігін салыстыру дәлелдейді. Осылайша, егер ФРГ, Жапония, Ұлыбритания және Францияда берілген патенттер саны 1966ж. 13,8 мыңнан 1980ж. 110,3 мыңға дейін өссе, онда АҚШ-та ол 68,4 мыңнан 61,8 мыңға дейін төмендеді. Бұл үдеріс 80-ші жылдары да сақталды. 1966-1977жж. ел ішіндегі американдық арызшылармен жыл сайын берілетін патенттер саны 25%-ға азайды, ал шетел арызшылармен берілетін патенттер саны 70%-дан аса өсті. Сонымен қатар осы кезең ішінде патенттердің жалпы санындағы олардың үлесі 20-дан 38%-ға дейін өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет