Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


-сурет – Инновациялық менеджменттегі кәсіпорынның сыртқы мақсаттары



бет12/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі

3-сурет – Инновациялық менеджменттегі кәсіпорынның сыртқы мақсаттары




1.6 Инновациялық кәсіпкерлік теориясының эволюциясы
Инновациялық менеджмент теориясы мен практикасы айналасындағы ғылыми өңдеулерді талдау нәтижелері оның эволюциясын көруге көмектеседі (3-кесте).
3-кесте – Инновациялық кәсіпкерлікке деген көзқарастар эволюциясы

Жыл

Автор

Инновациялық кәсіпкерліктің мазмұны

1969

Й.А. Шумпетер

Инновациялық кәсіпкерлік – бұл нарық субъектілерімен «жаңа комбинацияларды (қиыстыруларды)» келесі жағдайларда жүзеге асыру: жаңа тауар енгізуі, өндірістің жаңа әдісін, жаңа нарық ашу, жаңа шикізатты меңгеру, өндірісті қайта ұйымдастыруды өткізуі.

1985

П. Друкер

Кәсіпкерлікті инновацияны енгізу тұрғысынан қарастырады – «тапқырлықтың ерекше аспабының»,«ресурстарға жаңа мүмкіншіліктерді беретін әрекет арқылы байлық жасау».

1967

Ж.Б. Сэй

Кәсіпкерлік – «бұл ресурстардың қайтарылымындағы өзгерулер» немесе заманауи нарықтық терминдерде, тұтынушының ресурстарды пайдаланудан алған қанағаттануы мен құндылығындағы өзгерулер.



Жыл

Автор

Инновациялық кәсіпкерліктің мазмұны

1967

Ф. Хайек

Кәсіпкерлік жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеумен және зерттеумен байланысты.

1969

Й.А. Шумпетер

Инновациялық кәсіпкерлік – бұл нарық субъектілерімен «жаңа комбинацияларды (қиыстыруларды)» келесі жағдайларда жүзеге асыру: жаңа тауар енгізуі, өндірістің жаңа әдісін, жаңа нарық ашу, жаңа шикізатты меңгеру, өндірісті қайта ұйымдастыруды өткізуі.

1964

Р. Кантильон

Инновациялық кәсіпкерлік қаражылық құралдарды тартуымен, өзінің меншікті ойларын (идеяларды), дағдыларды білу мақсатымен оларды жоғарғы дәрежелі пайда алу мақсатымен тәуекелді кәсіпорындарға салумен байланысты барлық экономикалық субъектілердің қызметі ретінде түсіндірілді.

1940

Гарвардтың зерттеу орталығы

Кәсіпкерлік – «жеке адам немесе қауымдастырылған жеке адамдардың топтарына бағытталған қызмет. Бірлікті жасау, қолдау негізінде, өз өнімі үшін немесе экономикалық игіліктердің таратылуы арқасында пайда алуға ұмтылу. Оның табыс өлшемі мен мақсаты болып ақшалы немесе басқа пайда табылады. Осы бірліктің және сол кезеңде бар қайсыбір экономикалық жағдайлардың ішкі жағдайымен бірлесіп әрекет етеді».

1984

Дж. Карлэнд

Кәсіпкерлікті принципшіл мақсатпен пайдаға жету және өсуді көздейтін, сонымен қатар инновациялық мінез-құлық және стратегиялық басқару тәжірибесін іс жүзінде қолданумен сипатталатын бизнес позициясынан түсіндіріп береді.

1997

В.Г. Медынский (Ресей)

Инновациялық қызмет – бұл жаңалықтарды практика жүзінде қолдану жолымен өзіндік қасиеттері бойынша үздік тауарларды (өнімдер, қызметтер) және технологияларды жасауға әкелетін қоғамдық, техникалық экономикалық үрдіс.

1998

В.Э. Эмрахов

Инновациялық кәсіпкерлік – бұл технико-технологиялық жаңалықтарды жасау және саудада қолдануы үрдісі.

Технологиялық инновацияларды нәтижелі басқару негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету қазіргі таңда Қазақстан Республикасының алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі болып табылады.


ХХ ғасырдағы инновациялық менеджмент теориясы мен практикасын келесідей сипаттауға болады:

  1. Технологиялық инновациялар табиғи процес деп түсіндірілген және ол әр экономикаға тән, сонымен қатар ол автоматты түрде жүзеге асып отырады;

  2. ҒЗТК жұмыстардың коммерциализациялануы ғылыми зерттеуден басталып кейін өңдеу, жобалау, қаржыландыру, өндіру, маркетинг пен инновацияны тарату кезеңдерімен жылжуы автоматты түрде технологиялық айналымға әлемнің барлық елдерін еріксіз өзіне тартып алады деп шамаланады;

  3. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін нарыққа шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы рационалды байланысқа тиісті назардың болмауы;

  4. Зерттеушілердің көбі инновацияны технологиялық және техникалық жаңалық сияқы тар түсінікпен ғана шектеліп, өнімдік, техника-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық сияқты оның негізі үш типін бөліп қарастырмады;

  5. Технологиялық жаңалықтарды кәсіпорындарға енгізудің мақсаты болып олардың тауарының сапасының жақсаруы арқылы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өзінідік құнның төмендеуі, шығарылатын өнімдердің номенклатурасы мен ассортиментін кеңейту болып саналады [19].

Сонымен қатар, нарық сұранысын қанағаттандыра алатын жаңа өнімді өндіру кәсіпорын үшін технологиялық жаңалықтарды енгізудің басты мотивациялық себеп болып табылады.
Сонымен бірге, инновациялардың нақты алғы шарттары әртүрлі болуы мүмкін:

  • Технологиялық поцесті жетілдіру;

  • Ресурстарды үнемдеу;

  • Экологиялық талаптар;

  • Алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдердің қолжетімсіздігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет