Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
11.2 Инновациялық жобадағы инвестиция көздері 80-ші жылдары АҚШ үкіметі инновациялық қызметті дамыту бойынша басқа да шаралар қабылдады. Олардың ішінде 1980ж. технологиялық жаңа енгізулер туралы Стивенсон-Вандлер заңын айта кету керек. Заңда университеттер, федералды зертханалар және өнеркәсіп арасында технологияларды өндіру облысында кооперацияны дамыту қажеттілігі ерекше аталып өтті. Халықаралық тәжірибе көрсетерліктей, инновациялық іс- шаралардың дамуы фундаменталды және қолданбалы ғалымның хал- ахуалына және ғылыми- техникалық жобалардың коммерциялық сұрауына тікелей байланысты.
Ғылымды қаржыландыру көлемі үкіметтің ғылыми- техникалық прогреске деген көзқарасын білдіреді.
Айтатын болсақ, ғылыми зерттеулерге жұмсалған үкіметтік шығын: АҚШ- та 246,2 млрд доллар (ЖІӨ 2,9%), Жапонияда 94,2млрл доллар(ЖІӨ 3,0%), Германияда 45,8 млрд доллар(ЖІӨ 2,35%), Францияда 28,0 млрд доллар(ЖІӨ 2,25%), Швецияда 7,6 млрд доллар (ЖІӨ 4%). Евроодақ өз мүшелеріне ғылымға бөлінген қаражаттың ЖІӨ 2,5%дейін жеткізуіне кеңес береді. Салыстыру ретінде : Ресейде бұл көрсеткіш 2000 жылы 2,2 млрд доллар құрды. Қазақстанда 13,7 млн доллар (ЖІӨ 0,08%)
АҚШ ҒЗТКЖ мемлекеттік нарығы – американдық экономика жүйесінің ішіндегі ең ірісі. Мұнда дайын өнім ғана емес, сонымен қатар жобаланған өнімге қаржылық ресурстар да бөлінеді. Бұған қоса оны құру көп жағдайларда ғылыми-техникалық тұрғыдан анықталмағандықпен, коммерциялық тәуекелмен, айтарлықтай қаржылық шығындармен байланысты. Бұл ядролық, авиациялық, ғарыштық технология, медицина саласындағы фундаменталды зерттеу мен құрастыруларға қатысты.
Стивенсон-Вандлер заңы атқарушы билік шектерінде технологияларды құрастыру мен қолдануды ынталандыру бойынша арнайы ұйымдарды; өндірістік технология орталықтары мекемесін, соның ішінде университеттер мен зертханалар шегінде құруды; университеттер, өнеркәсіптік және федералды зертханалар арасында ғылыми-техникалық персоналдармен алмасуды көздеді.
Заңның арнайы бөлімі мемлекет иемденетін технологияларды қолдану тәртібін реттеді. Осылайша, федералды үкіметке бұл технологияларды мемлекеттік немесе жеке фирмаларға өткізу жағдайларын қамтамасыз ету бойынша міндет жүктелді. Осы мақсатпен әрбір федералды зертхана ҒЗТКЖ қолдану бойынша бөлімді ұйымдастыру, ал федералды ведомстволар – технологияларды өткізу жұмыстарын қаржыландыру үшін жалпы қаржы бөлулерден 0,5%-ын бөлу жүктелді. Сонымен қатар АҚШ сауда Министрлігінде технологияларды қолдану бойынша орталық ұйымдастырылды. Ол экономиканың мемлекеттік және жеке секторларында енгізілуі мүмкін мемлекет иемденетін технологиялар туралы ақпаратты жинау, тарату, өткізу бойынша басты орган болды.
Әрбір адам санына шаққан кезде бұл шығындар АҚШ пен Швецияда 858 доллар құрады, Жапонияда- 747доллар, Германияда- 536доллар, Францияда- 480 доллар, Ресейде- 64 доллар, Қазақстанда- 0,9 доллар, ғылыми зерттеулер мен іс шараларды қаржыландыру және инновациялық даму приоритеттерін таңдау әрбір мемлекетте әр түрлі жолмен жүзеге асырылады, өйткені оларға экономикалық ішкі және сыртқы дамуының үнемі өзгеріп отыруына байланысты өзгерістер еніп отырады.
Инновацияға бағытталған ғылыми- техникалық іс- шараларға Еуроодақ мемлекеттері барлығына ортақ нарықтың экономика принцптеріне сай қолдау көрсетеді.
Комплементарлық қаржылық көмек принцпі деп бірінші кезеңде мемлекеттің технологиялық даму ісіндегі бір жетіспеушіліктерді жоюға мақсатталған жұмыстардың қаржыландыруын атайды.
Зерттеулер мен жобалауларды өзара бәсекелеске түспей тұрғанша алдын- ала қолдау принцпі деп үкіметтің нарықтағы өз фирмалар арасындағы орныққан бәсекелестік қарым- қатынастарды бұзбай, тек қана бәріне ортақ қол жеткізерлік ғылыми- техникалық өнімдердің қаржыландырылуын атайды.
Осыған сәйкес, қолдау шараларыәр түрлі үкіметтік органдар тарапынан әр түрлі агенттіктер, несиелік және инвестициялық мекемелер көмегімен жүзеге асырылады.