Біз үйге бисер туралы мәліметтер жинап келу тапсырмасын алғанбыз



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі141,74 Kb.
#34459
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы:
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүр, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерде жасауға болады.
Жаңа сөздер:
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері
Фурнитура – қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, қапсырма)
Композиция – бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет