Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


ЖАТАҚХАНА Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы



бет5/6
Дата08.06.2018
өлшемі4,56 Mb.
#41524
1   2   3   4   5   6

ЖАТАҚХАНА

Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы «Өркен» білім беру грантын иеленген, Зияткерлік мектептің тұрғылықты жерінен тыс елдімекендер мен өңірлерде тұратын оқушылардың тәрбиесі мен тұру жағдайын қамтамасыз етеді. Жатақхана 120 орынға (30 тұрғын бөлме) арналған. Оқушылар жатақханада ақысыз негізде тұрады. Жатақхана санитарлық нормаларға сәйкес қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген: қыз балалар мен ер балалардың әр бөлмеде 4 адамнан бөлек тұруы, 5 мезгіл тамақтану, өз бетінше дайындалуға және демалуға арналған аймақ, тұрмыстық бөлмелер. Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ оқушылардың жатақханада тұруына рұқсат етіледі.

Жатақханада тұруға арналған орындарды бөлу жылдың соңында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру Ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады ( 26.01.2017 ж., №4 хаттама).



ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 350 орынға арналған оқушылар асханасы жұмыс жасайды. Әзірленген тағамдардың сапасын диетолог мейірбике бақылайды.

Мектептің ата-аналар комитетінің өкілдері болып табылатын ата-аналар Бракераждық комиссияның мүшелері саналады және апта сайын бекітілген талаптарға сәйкес тамақтануды ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізуге құқылы.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Мектепте медициналық қызмет көрсету медициналық қызметкерлер арқылы жүргізіледі. Барлық медициналық қызметкерлер маманданған және сертификаттарға ие. Педиатрия, стоматология салалары, дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналықсанитарлық көмек көрсету бойынша балаларға кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетуге арналған 2014 жылдың 16 сәуіріндегі №14005141 мемлекеттік лицензиясы бар. Ай сайын жоспарлы түрде ата-аналардың жазбаша келісімі бойынша балаларды иммундау шарасы, жыл сайын 1 рет «ДАРУ» медициналық сауықтыру орталығы салалық мамандарының профилактикалық тексеруі өткізіледі, ал әскерге алынатын жастағы ер балалар жыл сайын қалалық әскери комиссариатта медициналық тексеруден өтеді. Мектептің медициналық блогында 1 дәрігер-педиатр, 1 дәрігер-стоматолог, 5 медбике және 1 диетолог мейірбике жұмыс жасайды. Медициналық қызметтің басты міндеті – балалардың денсаулық жағдайын бақылау, оларға медициналық қызмет көрсету. Жыл сайын оқу жылының басында педагогикалық ұжымға арналған ұсыныстарды айқындау және алдын алу шараларын жоспарлау мақсатында созылмалы және өзге сырқаттары бар оқушылардың тізімі құрылады. Осыған байланысты ата-аналар кураторларына немесе медициналық қызметкерлерге баладағы ауру-сырқаттардың барлығы туралы уақытылы ескертуі тиіс.



КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ. ТАҢДАУ ПӘНІ

Мектепте оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету, түлектердің алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік оқу орындарында білім алуына ықпал жасау мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысы ұйымдастырылған.

Дұрыс таңдалған мамандық пен анағұрлым лайықты әрі беделді Жоғары оқу орнында білім алу мансап жолын құруда жетістіктің, материалдық және материалдық емес жоғары игіліктерге қол жеткізудің, сонымен қатар әрбір адам үшін мазмұнды, өнімді және бақытты өмір сүрудің кепілі болып табылады.

Оқушыға анағұрлым лайықты әрі болашағы бар мамандықты таңдауда оқушылар мен ата-аналар үшін көмек көрсету. Аталмыш бағытта орындалатын іс-шараларға оқушының тұлғалық типін, қабілеттерін, қызығушылықтарын айқындауға арналған әртүрлі тест түрлері мен сауалнамаларды өткізу, әртүрлі мамандық түрлерінің кәсіби ерекшеліктерімен танысу мақсатындағы теориялық және тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру, облысымыздың жетекші кәсіпорындарына бару, IELTS (ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын бұл көпшілікке танылған тест көптеген әлемдік ЖОО-ға түсудің критерийі саналады), SAT (пәндер бойынша академиялық дайындықты және сыни ойлау деңгейін анықтайтын бұл көпшілікке танылған тест көптеген әлемдік ЖОО-ға түсуде қабылдау емтиханы саналады) халықаралық емтихандарына дайындық жатады.

Қазақстандық және әлемдік үздік жоғары оқу орындарында білім алуға өтініш беруді ұйымдастыру. Әрбір мемлекет және әрбір университет оқуға қабылдануға өтініш білдіруде өзіндік талаптар мен мерзімдер ұстанады.

Шетелде жоғары білім алуда басымдық берілетін бағыттарға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея, Сингапур, Малайзия, Қытай, Үндістан, Түркия және т.б. мемлекеттері кіреді.

Біздің мемлекетімізде ҚР ЖОО-ның Ұлттық рейтингіне (2016 ж.) сәйкес жетекші ЖОО ретінде Назарбаев Университеті (НУ), Қазақ-Британ техникалық университеті (КБТУ), КИМЭП университеті, С.Демирел атындағы университет және т.б. танылады.

Жыл сайын әртүрлі мемлекеттер үкіметтерінің, сондай-ақ халықаралық

университеттердің тарапынан ақысыз негізде білім алуға және тұруға гранттар саны көбірек бөлінуде. Мұндай бағдарламаларға өтініштерді қабылдау алдыңғы жылдың қыркүйегінен оқудың басталу уақытына дейін жалғасады.

Тағы бір ескертетін жайт, оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар әртүрлі болуы мүмкін. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері әлемнің жетекші ЖОО-на қабылдануда үлкен мүмкіндіктерге ие.



Көптеген оқу орындарына түсуде қойылатын негізгі талаптар:

  • Академиялық үлгерім деңгейі 5,0-ден 4,5-тен кем емес;

  • IELTS ұпайы 6,5-тен кем емес;

  • SAT ұпайы 1860-тен кем емес;

  • SAT Subject ұпайы 600-ден кем емес;

  • әртүрлі академиялық сертификаттарының болуы;

  • белсенділік деңгейінің жоғарылылығы (әлеуметтік жобалардың қатысушысы);

  • 082/у медициналық анықтамасының болуы;

  • сауатты рәсімделген ынталандыру хаты мен мінездеме хаттарының болуы. Жоғары сыныптардағы Кіріктірілген білім беру бағдарламаларының ерекшелігі оқушыларға ЖОО-ға түсуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында оқытуды кәсіби бағдарлауда жатыр.

9-10-сынып оқушылары жоғары мектеп үшін пәндер таңдайды. Таңдалған бұл пәндер ЖОО-ға түсуде және білім алуда бейіндік пәндерге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет