Тәуекелдергебаға беру Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.