3.Нарық пен бәсекелесті талдау Жылқы шаруашылығы — мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке – тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына – күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т.б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.Басқа өңірлерге қарағанда Батыс өңірі қадамды жай басып келе жатқанмен керемет нәтижелер көрсетуде. Мал өсіруде, дамытуда оң өзгерістер байқалуда.Жалпы Батыс өңірінің өзін бөлек алып қарастырсақ жылма жыл өсу байқалады. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысынан кейінгі орынға Маңғыстау мен Атырау облыстары таласып тұр. Атырау облысы жылқы шаруашылығына жаңа қадам басуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн дананы (100,2%) құрады. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы болды.