3. НАРЫҚ ПЕН САЛА ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс. Ұсынылатын тауардың соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет. Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек. Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.