Бизнес-жоспардың құрылымы StartInfo



Pdf көрінісі
Дата13.01.2022
өлшемі494,52 Kb.
#111709
Байланысты:
Бизнес-жоспардың құрылымы — StartInfo



15.12.2020

Бизнес-жоспардың құрылымы — StartInfo

https://startinfo.kz/buisness/biznes_jospardin_kurylymy/

1/3


   

Бизнес


-

жоспардың

 

құрылымы


 

Ұсынылып отырған бизнес жоспар құрылымы 8 бөлім және қосымшадан тұрады. Мұндай  бизнес жоспардың құрылымы 

ең қарапайым, әрі оңай түрі болып табылады. Сонымен бизнес жоспардың құрылымына қысқаша тоқталатын болсақ, ол:

 

Түйіндеме



Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері

Обьектінің сипаттамасы

Маркетинг жоспары

Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері

Қаржы жоспары

Тәуекелділікті бағалау

Қорытынды

Қосымша


 

ТҮЙІНДЕМЕ.

          

Бизнес жоспар қысқаша ақпарат беретін түйіндемеден басталады. Негізінен түйіндеме әрқашанда бизнес

жоспардың негізгі бөлімдері аяқталып болған соң жазылады. Бірақта бизнес жоспардың бастапқы бөлігі болып

табылады. Түйіндемені жоба (жоспар) туралы жарнама ретінде де қарастыруға болады. Өйткені бұл бөлімде бизнес

жоспардың негізгі қөрсеткіштері беріледі. Сондықтанда түйіндеме мынадай ақпараттарды қамтиды: қажетті қаржы

(несие) көлемі, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, жобаның тиімділігі, жобадан түсетін пайда (жалпы тиімділігі) және т.б.

 

БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ МЕН НЕГІЗІГІ КЕЗЕҢДЕРІ.



Бизнес жоспардың бұл бөлімінде қарастырылатын мәселелер: жобаның басталу мерзімі, кәсіпорынды тіркеу, несие алу,

бизнеске қажетті орынды (ғимаратты) іздестіру, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді жолдау және

маркетингтік іс-шараларды өткізу.

 

ОБЬЕКТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ



САЙТ МАКСАТЫ

БИЗНЕС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

БИЗНЕС-ЖОСПАР

СТАРТАП


ФРАНЧАЙЗИНГ

ҚАЖЕТТІ ІСКЕРЛІК ҚҰЖАТТАР

БАСҚА ДА ТУРАЛЫ



15.12.2020

Бизнес-жоспардың құрылымы — StartInfo

https://startinfo.kz/buisness/biznes_jospardin_kurylymy/

2/3


Бизнес жоспардың бұл бөлімінде фирманың (кәсіпорынның) негізгі қызметі мен өндірістік ерекшеліктерінің сипаттамасы

беріледі. Сондықтанда фирма (кәсіпорын) туралы келесі мәлімет беріледі.

Фирманың (кәсіпорынның) тарихы:

фирманың (кәсіпорынның) құрылу уақыты мен мекен жайы, осы уақыттағы құқықтық мәртебесі (Жауапкершіліші

шектеулі серіктестік (ТОО), Жеке кәсіпкерлік (ИП), Ақционерлік қоғам (АО) және т.б.);

фирманың (кәсіпорынның) құрылтайшылары, басшылары;

фирманың (кәсіпорынның) негізгі жетістіктері, егерде бизнес жоспардағы қызметке қатысы бар болған жағдайда.

Фирма (кәсіпорын) және кәсіпкер түралы мәлімет:

фирманың (кәсіпорынның) негізгі техникалық –экономикалық және қаржы көрсеткіштері, өндірілетін өнімнің

сипаттамасы, өткізу нарығы, серіктестері, тұтынушылары, мақсаттары мен даму перспективасы, лицензияларының болуы

(егер қажет болған жағдайда).

Әлеуметтік бағыттылығы мен даму мүмкіндіктері:

Жергілікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жобаның маңызы көрсетілуі тиіс;

Даму мүмкіндіктері яғни басқа өңірлерге және шет ел нарығына шығу мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.

МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ

Нарық пен маркетинг кезкелген бизнес үшін шешуші фактор болып табылады. Өйткені тұтынушы болмаса өнім өндірудің

де мағынасы да жоқ. Сондықтан да бизнесті бастамастан бұрын нарықты зерттеу ең басты мәселе болып табылады. Осы

себептен бизнес жоспардың бұл бөлімі ең күрделі әрі көлемді бөлім болып табылады.

Бірінші кезекте нарықтың сиымдылығы мен тауардың жалпы құны туралы мәліметтерді жинап өңдеуді талап етеді.

Өйткені ұсынылып отырған тауар немесе қызмет көрсетуге қатысты сұранысқа тауардың бағадан өзге әсер ететін

факторлар бар. Мысалы, тұтынушылардың демографиялық, әлеуметтік, мәдени сонымен қатар экономикалық (инфляция,

халықтың табысы мен тұтыну шығындарының деңгейі және т.б.)  жағдайы секілді факторлар. Екінші кезекте, сатылатын

тауар немесе қызмет көрсетуден  түсетін табыстар мен бизнесті ұйымдастыру және жүргізуге қатысты шығындардың

өтелуі мәселесі. Сондықтан да осы және нарыққа қатысты өзгеде ақпаратты экономикалық талдау мен жоспарлау

бизнесті жүргізудің анықтаушысы болып табылады.

 

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРІ



Бұл бөлімде бизнеске қажетті құрал-жабдықтар туралы акпарат беріледі. Дәлірек айтқанда, олардың техникалық

көрсеткіштері, өндірістік мүмкіншіліктері мен қуаты сипатталады. Бизнесті (өндірісті немесе қызмет көрсетуді)

ұйымдастыру мен жүргізуде қолданатын барлық құралдардың саны мен құны көрсетіледі.

 

ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ



Бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымдастырылып отырған істің қаржысы туралы   мәлімет беріледі. Ол, түсетін табыс

көлемінің болжамын, капиталдық және ағымдағы шығындардың көлемі, ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды.

 

ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ



Бұл бөлімнің мақсаты бизнесті жүргізу барысында кездейсоқ тап болатын тәуекелдерді алдын ала анықтап, олардың

шешу жолдарын көрсету болып табылады. Мысалы, нарықтағы жағдайдың өзгеруінің нәтижесінде өндіріліп немесе

көрсетіліп отырылған қызметке деген сұраныс төмендеуі мүмкін. Сондықтанда кәсіпорын үшін тауардың немесе

қызметтің болама түрін ойластыру қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ



Жобаның бұл бөлімінде бизнес жоспар туралы қорытынды мәлімет беріледі. Жобаның экономикалық, әлеуметтік маңызы

көрсетіледі.




15.12.2020

Бизнес-жоспардың құрылымы — StartInfo

https://startinfo.kz/buisness/biznes_jospardin_kurylymy/

3/3


 

© 2018 www.buisness.startinfo.kz 

Сайт материалдары авторлық құқық заңымен қорғалады..  

www.buisness.startinfo.kz сайттын материалдарын пайдаланған жағдайда тікелей, активті, көрінетін іздеуіш сілтемені

қолдану МІНДЕТТІ  

Байланыс үшін

 kazstartinfo@mail.ru Коммерциялық ұсыныстар үшін тел. 

8 707 76 110 76

  

Сайттың контентінде 18 жасқа толмағандарға арналмаған материалдар болуы мүмкін.



   

 

                 



ҚОСЫМША

Бизнес жоспардың қосымшасында келісім шарттардың көшірмелері, сертификаттар, патенттер, өндіріс (қызмет көрсету)

технологиясын сипаттайтын техникалық құжаттардың көшірмелері, сызбалар, үлкен көлемді кестелер, суреттер,

экономикалық-қаржылық есептеулер мен қарастырылып отырған    бизнес жобаға қатысы бар басқада құжаттар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет