Бизнес-ойлау психологиясы


АҒЫНДЫ КҮЙ Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай істеу керек? Сізге ағынды күй



бет12/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

АҒЫНДЫ КҮЙ

Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай істеу керек? Сізге ағынды күй сияқты әдісті пайдалануды ұсынамыз. Ағынды күйдің сипаттамасын түсіндіру үшін сіз өзіңіздің қандай да бір іспен, оқу болсын, не басқа іс болсын толық айналысып жүрген шағыңызды есіңізге түсіруіңіз керек. Сіздің ол іске кірісіп кеткеніңіз сонша, тіпті айналаңыздағы уақиғаларға назар аудармаған, есесіне жұмысыңыз табысты жүріп жатқан сәттерді еске алыңыз. Әрине, сіз осындай жағдайды бастан кешкен шығарсыз және өзіңіздің осынша қысқа мерзім ішінде осыншалықты істі атқара алғаныңызға - алынған нәтижелеріңізге қатты қуанған шығарсыз.
Дәл осы күй психологияда ағынды күй деп аталады. Оның басты сипаттамалары - жұмысқа қабілеттілік жоғары, өз қызметіне толық көңіл бөлу, ағымдағы іс шеңберіндегі белсенділік тым жоғары. Оған қоса, адам ағынды күй кезінде позитивті ойлайды, өз-өзіне және өз күшіне сенімді болады. Осының бәрі біздің тіпті күрделі міндеттерді оңай орындауымызға, оларды шешудің ерекше тәсілдерін табуымызға және жалпы ерекше тиімділік көрсетуімізге әкеледі.
Ағынды күйге түсу құпиясы - таңдап алынған міндет үшін қажетті стимул мөлшерін алу. Стимулдар ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Қажетті стимулдар саны адамға және оның таңдаған міндетіне байланысты. Стимулдар саны төмен болса, сіз енжарлық, шаршау, көңілсіздік, мотивацияның жоқтығын сезінесіз. Стимулдардың саны тым көп болса, сіз шыдамсыз, күйгелек, ызақор және абыржулы боласыз. Қалай болғанда да сіз үздік нәтиже шығармайсыз және қызығушылығыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
4-тапсырма
Қане, бәріміз бірге ағынды күйге кіріп көрейік. Ол үшін бәріңіз орындарыңыздан тұрыңыздар. Ары-бері қозғалыңыз, қолдарыңызды сермеңіз, отырып-тұрыңыз, бірнеше рет кеудені қолмен жерден көтеріп көріңіз, керіліп-созылыңыз. Сіз партаға отырған кезде пайда болған денеге түскен күшті босаңсыту керек.
Енді қайтадан өз орындарыңызға отырыңыз. Өзіңізге қолайлы қалып қалыпта ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды түзу ұстаңыз, иық, қол және беттің бұлшық еттерін босаңсытыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Бір минут бойы ештеңе ойламауға тырысыңыз. Өзіңізге ойдан демалуға мүмкіндік беріңіз. Бүгін болатын сабақтар, алдағы түскі ас, оқудан кейінгі істеріңіз, достарыңыз, үй шаруасын, бәрін ойыңыздан шығарып тастаңыз. Терең дем алып, бірнеше рет дем шығарыңыз. Ештеңе ойламаған кезде ішіңізде пайда болатын жеңілдік пен тыныштықты сезініңіз. Егер ойлар пайда болса, оларды ойламаңыз - олар өтіп кетеді.
Енді бір нақты міндетке назар аударыңыз – сізге әртүрлі бизнес-міндеттерді шешетін стартап командасын жинау қажет. Сізге курс бойы бірге жұмыс істеу қажет - бірегей шешімдер табу, қауырт жұмыстарды орындау, жаңа идеяларды ұжымдық талқылау және т. б. Сіздің сыныптастарыңыздың қайсысы сізбен бірге табысты болатын команда құра алады? Сіз бұрын таңдаған кәсіпкерлер өз командаларына бір продюсер, әкімші және интегратордан таңдап алсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет