Бизнес сабақтары



Pdf көрінісі
бет11/149
Дата23.12.2021
өлшемі5,44 Mb.
#127958
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149
Байланысты:
biznes-uroki
Лекция 10, biznes-uroki, ат қою
 
II 
БИЗНЕС-ЖОСПАР
 
Бизнес-жоспар дегеніміз не? 
Жаңа  бизнестің  қалай  жұмыс  істейтінін  бағалап,  оның  нәтижелерін  болжау  үшін  кәсіпкер 
қызметін бастамас бұрын бизнес-жоспар құруы тиіс.  
  
Бизнес-жоспар –
  
сіздің болашақ бизнесіңіздің жан-жақты толық сипаттамасы. Бизнес-жоспарда 
бизнес  туралы  айту,  қаржылық  талдау  жүргізу,  маркетингтік  жоспар  және  қызметкерлер 
бойынша жоспар жасау қажет. Сонда жеке бизнестің бейнесі анық және нақты болады. Бизнес-
жоспарды дайындау кезінде болашақ кәсіпкер ӛзі де кӛп нәрсені түсініп, байқай алады.   
Бизнес-жоспар сізге, сіздің болашақ серіктестеріңізге, сіз несие алатын банк үшін қажет. 
Бизнес-жоспардың кімге арналғанына қарай мазмұнын анықтайтын бірнеше себептер бар: 
Ҿзіңізге  арналған  бизнес-жоспар.
 
Бұл  тӛмендегі  сұрақтарға 
жауап беретін ӛзіндік бақылау: 

 
Істі ашу үшін не қажет? 

 
Идеяның шынайылығы жеткілікті түрде ме? 
Несие алуға арналған бизнес-жоспар.
 
Банктер несие беру 
туралы шешім қабылдау үшін кәсіпкерлерден бизнес-жоспарды талап етеді. 
 
Инвесторлардың  қаржысын  тартуға  арналған 
бизнес-жоспар.
 
Инвесторлар жеке немесе заңды тұлғалар боуы мүмкін. Оларды 
тарту үшін бизнес-жоспар ӛте пайдалы болуы мүмкін. 
 
Жергілікті  жҽне  шет  елдік  серіктестермен 
бірлескен кҽсіпорынға арналған бизнес-жоспар
.
 
Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады. 
 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
16
 
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-
жоспар.
 
Әдетте жоғары жалақы ұсынсаңыз да кәсіби мамандарды басқа фирмалардан 
шақырып  алу  қиынға  соғады.  Болашақ  қызметтің  сипаттамасы  қызметкерге  ұсынылатын 
жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді. 
 
Басқа  компаниямен  бірігуге  арналған  бизнес-
жоспар.
 
Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын кӛруге кӛмектеседі. 
  
Бизнес-жоспар қандай бҿлімдерден тҧрады? 
Бизнес-идея 
Істі  алғаш  бастайтын  кәсіпкерге  ең  алдымен  немен  айналысатынын  шешіп  алу  қажет,  яғни  ол 
бизнес-идея  табуы  тиіс.  Бұл  күрделі  және  жауапты  саты.  Бизнестің  қалай  құрылатыны  соған 
байланысты.  Бизнес-идеялардың  кӛзі  жеке  бақылаулар  және  кәсіпкердің,  оның    достарының, 
туыстарының, таныстарының тәжірибесі болуы мүмкін.  
Сонымен  қатар,  бизнес-идея  ойлап  табу  үшін  кәсіпкер  ӛз  білімі  мен  дағдыларын,  жұмыс 
тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын бағалауы қажет. Бұл бизнес-идеялардың ішінен ең 
лайықтысын таңдауға кӛмектеседі. 
Бұдан  кейін  кәсіпкер  ӛзі  клиенттерге  ұсынатын  ӛнімді  немесе  қызметті  кӛз  алдына  жақсылап 
елестетуі керек. Оның барлық егжей-тегжеуін анықтау қажет. Оларға жататындар: 
1. 
Тауар – немесе ӛнімнің материалдық құрамдас бӛлігі, саны, сапасы, ассортименті. 
2. 
Қызмет – клиенттерге кӛрсетілетін немесе сатылатын тауармен бірге жүретін сервис. 
3. 
Ақпарат – клиенттерге сатуға дейін (жарнама), сату кезінде (техникалық құжаттама) және 
сатудан кейін (сервистік ақпарат) ұсынылатын мәліметтер. 
4. 
Қатынас – сатуды қолдау үшін клиенттермен жеке қатынас қалай құрылады. 
     
Кәсіпкерге  мұнымен  қатар  ӛз бизнес-идеясын  бағалау  қажет.  Бұл  үшін  келесі  сұрақтарға 
жауап беру қажет: 
5. 
Бұл нарыққа қажет пе? 
6. 
Мұны сатып алғысы келе ме? 
7. 
Сіздің  сатып  алушыларыңыз  кім?  Олардың  жынысы,  жасы, білімі,  тұрғылықты  жері және 
т.б.  
8. 
Олар сіздің ӛніміңізді жеткілікті кӛлемде сатып ала ма? 
9. 
Бұл бәсекелестікке қабілетті ме? Мұндай идеяны сататын бәскелестер саны кӛп пе?  
10. 
Сіз мұны жүзеге асыра аласыз ба? 
11. 
Бұл сізге тиімді ме?    
Жеке мҥмкіндіктер 
Бизнес-идеяны  қалыптастыра  отырып,  кәсіпкер  ӛзінің  мүмкіндіктерін,  сонымен  қатар,  бұл 
идеяны  жүзеге  асыруға  керек  ӛзге  ресурстарды  бағалауы  тиіс.  Кәсіпкер  бұл  мүмкіндіктерді 
жақсылап елестетіп, ӛзге ресурстарды алу мүмкіндігін бағалауы керек. 
 
Клиент 
Кәсіпкер  клиенті  кім  болатынын  жақсы  білуі  тиіс.  Бұл  үшін  келесі 
сұрақтарға жауап беру керек: 
1. 
Менің ықтимал клиенттерім кімдер? 
2. 
Менің клиенттерім қайда орналасқан? 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы        У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
www.palata.kz
 
                                                 
                                 
контакт-центр 59-79-60
17
 
 
3. 
Менің клиенттерім нені бағалайды?Тауардың сатылымын қамтамасыз ету үшін олардың 
саны жеткілікті ме? 
4. 
Менің бизнесімнің орналасқан жері? 
5. 
Сатылым кӛлемін ұлғайту үшін не істеуім керек?
 
 
 
Бизнесті ҧйымдастыру 
Бизнестің  қалай  ұйымдастырылатынын,  қалай  жүзеге  асырылатынын  түсіну  үшін  кәсіпкер 
тӛмендегілер туралы ойлануы тиіс: 
1. 
Клиенттерге  ӛнімді  (тауарды  немесе  қызметті)  сату  қалай  ұйымдастырылады?  Қандай 
мерзімде, кӛлемде? 
2. 
Ӛнімді шығару үдерісі қалай ұйымдастырылады? Мерзімі, кӛлемі?  
3. 
Кәсіпкермен бірге кім және қалай жұмыс істейді? Олардың міндеттері қандай? 
4. 
Бизнесті қамтамасыз ету үшін тауарды және жұмсалатын мүлікті сатып алу үдерісі қалай 
және қайда ұйымдастырылады? Мерзімі, кӛлемі? 
 
Ақшаның қозғалысы 
Енді  бастап  отырған  кәсіпкерге  пайданы  және  шығынды  болжау,  теңгерімді  болжау  сияқты 
қаржылық  құжаттарды  жасау  қиынға  түседі.  Бизнестің  басында,  оның  қарапайым  кезінде  бұл 
құжаттарды жасауға қажеттілік жоқ. Бірақ ақшаның қозғалысын елестетіп кӛру қажет. Бизнеске 
қарай болжам күнделікті немесе апта сайынғы болуы мүмкін. 
 
Тҽуекелдер 
Кәсіпкер  бизнеспен  бірге  туындайтын  барлық  тәуекелдерді  ескеруі  тиіс.  Бұл  тәуекелдерге 
дайын  болуға  және  туындаған  жағдайда  еңсере білу  үшін  қажет.  Кәсіпкер  келесі  тәуекелдерді 
ескеруі керек:       
1. 
Қаржылық. Оларға байланыстылар: 

 
инфляция; 

 
несиелер; 

 
клиенттердің тӛлемеуі; 

 
валюта курсының ӛзгеруі; 

 
клиенттердің ӛнімге немесе қызметтерге ақы тӛлемеуі. 
2. 
Операциялық – ӛндіріс кезінде туындауы мүмкін. 
3. 
Экологиялық. 
4. 
Әлеуметтік. Бизнестің маңында тұратын немесе жұмыс істейтіндердің оның жақындығына 
реніші тәуекелі. 
5. 
Криминалдық. 

 
Кәсіпкердің заңды, мысалға салық кодексін бұзу тәуекелі

 
Кәсіпкерге қарсы криминалдық әрекеттер жүргізілу тәуекелі; 
6. 
Абыройлық. Жеке абыройды жоғалту тәуекелі. 
7. 
Маркетингтік.  Клиенттер  қалауының  ӛзгеруіне  немесе  бәсекелестік  күрестің  күшеюіне 
байланысты тәуекелдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет