Бизнеске кіріспе


 ТАҚЫРЫП  БИЗНЕС-ИДЕЯ МЕН СТАРТАПТЫ ТАҢДАУ¹



Pdf көрінісі
бет60/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

6 ТАҚЫРЫП 
БИЗНЕС-ИДЕЯ МЕН СТАРТАПТЫ ТАҢДАУ¹ 
 
6.1 Нарық және аймақ трендтері 
6.2 Стартаптың бизнес-моделі 
6.3 Канва бизнес-моделі 
 
6.1 Нарық және аймақ трендтері 
 
Икигай
– өзіңнің күнделікті істеріңе қанағаттану және риза болу. 
Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды «Шағын икигай 
кітабының» авторы, нейробиолог және жазушы 
Кен Моги
. Жапонның 
«икигай» деген сөзі сөзі «өмірдің мәні» деп аударылады. Ол екі сөзден 
тұрады – «ики» (тірі) және «гай» (себеп) – бұл әр адамның күнде ояна сала 
ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз 
бизнесіңіз бар деп елестетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға 
тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз 
үшін бейнет пен әурешілік көзі болады. Сол себепті өз ісіңізге 
құмартуыңыз – өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат 
алуыңыз, онымен айналысқан сайын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің 
шебері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.
Икигай өміріңізге мақсат береді және оған қол жеткізуге күш береді. 
Солтүстік Жапонияның Сендай қаласындағы Тохоку университетінің 
медицина факультетінің зерттеу нәтижелері бойынша икигай алған 
адамдар ұзақ өмір сүреді, олардың денсаулығы мықты және олар кәсіби 
және жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетті. Оған қарапайым 
түсініктеме беруге болады: өмірінің мәнін тапқан және өзінің сүйікті 
ісімен айналысып жүрген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды
зиянды әдеттерден арылады, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді әрі сирек 
қамығады. Сондықтан ұзақ және мағыналы өмір сүргісі келетін әрбір адам 
үшін өзіне ұнайтын істі таба білу маңызды.
Сіздің өміріңізде икигай пайда болуы үшін, бес қарапайым ережені 
орындау керек: 


101 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет