Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет96/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Instagram
(әйелдер аудиториясы басым, бірақ желі жасөспірімдер 
арасында да танымал, бірақ жыл сайын ерлер аудиториясы да артып 
келеді). Instagram әйелдерге арналған қызметтер мен өнімдерді 
жарнамалауға (киім, сұлулық салоны, балалар киімдері және т.б.) 
қолайлы. Instagram – құны 50 000 теңгеге дейін тауарлар мен қызметтерді 
жарнамалау үшін тамаша алаң. Сондай-ақ Instagram шағын Интернет-
дүкенінің «міндетін» атқара алады, өйткені фотосуреттер форматы 
ассортиментті жақсы көрсетеді. Желі сондай-ақ визуалды көрсетілуі 
маңызды саяхат, дизайн, ивент және т.б. маңызды кез келген тауарлар мен 
қызметтерді жарнамалау үшін тамаша жұмыс істейді; 
3) 
Facebook
(25 жастағы және одан жоғары жастағы адамдар, 
негізінен тұрақты табысы бар жұмыстарды атқарады). 


148
FB 25 жастағы және одан жоғары жастағы адамдарға арналған кез 
келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін қолайлы. FB, сондай-
ақ, егер контент визуалды емес, ақпараттық сипатта болса қолайлы. Іс-
шаралар жасау және оларға пайдаланушыларды шақыру мүмкіндігі әр 
түрлі оқиғаларды жарнамалау үшін пайдалы болады.
SMM көмегімен өз бизнесін ілгерілетуді шешкен OQICO қыздар 
оларға қандай әлеуметтік желі қолайлы болатыны туралы ойланды.
Нәтижесінде олар Instagram, Facebook және YouTube-қа тоқталды. 
Instagram жасөспірімдер аудиториясын тартуға, белгілі бір көрнекі 
мазмұнды ұсынуға көмектеседі. Facebook – 25 жастағы және одан жоғары 
жастағы клиенттер үшін тамаша алаң, әдетте FB аудиториясы өнімді 
таңдауда нақтылықты ұстанады. YouTube-тағы оқытатын видеосабақтары 
оқытушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге көмектеседі. Барлық үш 
желілердегі жұмыс мектептің басты клиенттерімен – жоғары оқу 
орындарына түсуге дайындалып жатқан жасөспірімдермен және өздерінің 
ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жақсартқысы келетін ересек 
адамдармен өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет