Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:
Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:
іскерлік қатынастар облысындағы тәжірибелерді үйрену;
субъектілердің экономикалық іс-әрекетіне мәдени құндылықтардың ықпалын талдау;
корпоративті және әмбебап этиканың өзара әсерін қарастыру. Әмбебап этика-кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар. Корпоративтік этика-әрбір компанияның қызметкерлерінің іс-әрекетінің мәдениеті, олардың сенімдері, дәстүрлері, тұтынушылармен, әріптестермен және өздерінің арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі;
кәсіпкерліктің халықаралық мәдениетімен, оның моральдық-психологиялық стандарттарымен интеграциясы;
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі проблемаларын зерттеу;
кәсіпкерлік қызмет субъектілерін адамгершілік және өнегелілік тұрғысынан тәрбиелеу;
белгілі бір іскерлік жағдайлар бойынша этикалық қағидаларды әзірлеу т.б.
Кәсіпкерлік этиканы реттеу жүйесінің төрт деңгейі
Этикалық қағидалар
Кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекетін реттейтін нормативтік актілер
Кәсіпорынның еңбек ұжымы
Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке мотивтері
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қызметіне байланысты қалыптасқан көзқарастар
Бизнестің жауапкершілігі жұмыс орындарын құрумен және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етумен сипатталады
Ағылшын-американдық (либералдық) үлгіде жұмыскер жалақы алады және өзінің әртүрлі әлеуметтік қажеттіліктерін жеке құрылымдар арқылы дербес қанағаттандырады
Еуропалық (әлеуметтік) үлгіде бизнес айтарлықтай көп салықтар төлейді, ал мемлекет осы қаражатқа халықтың едәуір маңызды әлеуметтік қажеттіліктерін іске асыру үшін жағдай жасайды.
Бизнес бәріне жауап береді. Бұл бағыт социализм кезінде кеңінен қолданылды. Яғни кәсіпорындар әртүрлі әлеуметтік инфрақұрылымдарды құрып, қаржыландырып және басқарып отырады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Ішкі әлеуметтік жауапкершілігі
Сыртқы әлеуметтік жауапкершілігі