Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету
Оқыту, біліктілікті арттыру бағдарламалары арқылы адам ресурстарын дамыту
Стандарттарды енгізу
Бизнестің сыртқы әлеуметтік жауапкершілігіне:
Бизнестің сыртқы әлеуметтік жауапкершілігіне:
Тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша тұтынушылар алдындағы жауапкершілік (сапалы тауар, қызмет көрсету)
Қоршаған ортаны қорғауға көмектесу
Демеушілік және корпоративті қайырымдылық шаралары.
Бизнестің беделі мен имиджін қалыптастыру технологиясы
PR, жарнама, брендинг, имиджмейкерлік
PR – ұйым мен қоғам арасында жағымды қатынастарды құруға, ұстануға және қолдауға бағытталған алдына ала жоспарланған шаралар.
PR функциялары:
қоғамды ақпараттандыру мен сендіру;
насихат пен жарнаманы қолдану арқылы оның бейнесіне әсер ету;
ұйымның жағымды бейнесі мен беделін құру;
ұйым мен қоғам арасында сенімділік байланыстарын қалыптастыру;
қызметкерлерде ұйымға деген жауапкершілікті қалыптастыру мен арттыру.
PR формалары:
паблисити (насихат);
демеушілік;
фирмалық стиль.
Жарнама бұл- аудиторияға әсер ету немесе көңілін аударту мақсатындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және демеушілермен жүргізетін коммуникация түрі.
Жарнама бұл- аудиторияға әсер ету немесе көңілін аударту мақсатындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және демеушілермен жүргізетін коммуникация түрі.
Жарнама - өндіруші немесе оның тауары туралы ақпарат береді, оның бейнесін қалыптастырады және қолдайды.
Жарнаманың мәні:
- адамдардың санасына, көзқарасына және пікірлеріне маңызды әсер береді;
- экономикаға және оның салаларының дамуына жалпылай әсерін тигізеді;
- ақпараттық саламен және журналистикамен тығыз байланысты;
- мамандардың кәсіби мүмкіндігін кеңітеді.
Бренд – атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалы мен тұтынушы санасында бекіген, нарықта танымал сауда маркасы.
Брендинг – -өнім маркасын әзірлеуге, нарықта оны жылжытуға, оның беделін қамтамасыз етуге және нарық талаптарына марканың сәйкес келуіне мониторинг жасайтын қызмет формасы.