Бүйрек Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады



бет3/3
Дата30.11.2022
өлшемі46,43 Kb.
#160683
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Бүйрек Биохимиясы Ж.Н

Ақуыздардың метаболизмі Бүйректің базальді мембранасының талғамды ақуыздары – ламинин және энтантин. Ламинин базальді мембранада коллагеннің IV-типімен, гепаринмен, интегринмен, энтантинмен байланысады. Базальді мембрана сондықтан, гломерулярлы сүзгіні қамтамасыз етеді. Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді (альбуминнің молекуласының көлемі саңылаудан кіші болғанымен). Сондықтан да, альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің өлшемі саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте алмайды. Гломерулярлы мембраналар (гломеруло-нефриттерде) зақымдалған кезде ақуыздар несепте пайда болып, протеинурия дамиды.
Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті бірқалыпта ұстап тұрудағы бүйректің рөлі
Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Қышқыл заттар несеппен бірге бөлініп, бикарбонаттардың қоры күшейеді. Адицидоз немесе алкалоз кезінде тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін бүйректің қатысуымен 10-20 сағат қажет, натрий қайта сіңіріледі, оның орнына K+,Н+,NН4+ шығарылады. К+ ионының шығуы Na-ң тасымалдануына ғана емес, Н+ тасымалдaнуына тәуелді. Несеппен NaH2PO4, NН4Cl тұздары бөлінеді, сондықтан, несеп әлсіз қышқылдық орта көрсетеді.
Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікке әжептәуір әсер етеді. Бірақ, өкпе мен қанға қарағанда буферлі жүйелердің әсер етуі көп уақыт алады. Қанның буферлі жүйесінің әсер етуі 30 сек., өкпеге 1-3 минут уақыт алса, бүйректегі бұзылған қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін 10-12 сағат уақытты қажет етеді. Ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын тұрақтандырудың негізгі механизмі – сутегі ионының секрециясы мен натрийдің қайта сіңірілу (реабсорбция) процесі болып табылады. Бұл механизм бірнеше химиялық процестердің көмегімен жүзеге асырылады.
1. Натриийдің қайта сіңірілуі.
NaHPO4-2 + Na+ → Na2 HPO4-
2. Натрийдің сіңірілуіндегі НСO3- – анионының атқаратын рөлі. Бүйрек каналдарында карбоангидраза ферменті НСO3- – ионын қалпына келтіреді.
СO2 + H2O ↔ H2СO3 ↔ H+ + НСO3-
Na+ + НСO3- ↔ NaНСO3
HСO3- – ионы Na – ионын байланыстырып, қайтадан қанға сіңірілуін қамтамасыз етсе, ал натрий ионының орнына К+ және Н+ – иондары шығарылып отырады.
Бүйректегі аммиактың түзілуі ағзадағы Na+ -ионын сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл процестердің көзі глутаминнің дезаминделуі, АҚ-ң тотығып дезаминделуі болып табылады.
NH3 + H+ → NH4+ + Cl- → NH4Cl
Глутаминаза ферменті адам ағзасының мүшелері мен ұлпаларынада болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. NН4Cl – несеппен бірге шығарылып, pH-ты реттелуін және қышқылды-сілтілік қорын сақтап отырады. Қан мен несептегі Н+ - ионы концентрациясының өзара қатынасы 800:1. Бүйректің ағзадан сутегі ионының шыңарып отыратын қабілетінің күшті екендігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет