Бел дистопиясы әдетте 2-3 бел омыртқаларының деңгейінде орналасады, оның шүмекшесі алға қарап тұрады.
Диагностика пальпация, экскреторлық урография мен ультрадыбыстық сканирлеу негізінде жүзеге асырылады.
Кеуде немесе торакалдық дистопия ілуде бір ғана кездеседі.
Қиылысты дистопия да өте сирек кездеседі және бір бүйректің ортаңғы сызықтан сыртына ауысуымен сипатталады, осыны нәтижесінде екі бүйректе бір жақта орналасқан болып шығады.