Терең шала туған балаларды, сондай-ақ ерте неонаталдық кезеңде қиын жағдайға ұшыраған балаларды катамнестикалық бақылауды жүзеге асыру үшін педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымында асқынулардың даму ықтималдығын азайтуға бағытталған баланың өсуі мен дамуын сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын әзірлей отырып, балаларды күту бөлімшелерінің қызметіне талдау ұйымдастыру және жүргізу катамнез және ерте оңалту кабинеттері/бөлімшелері/орталықтары құрылады.
Катамнез және ерте оңалту кабинеттерін құрудың негізгі мақсаты: перинаталдық патологияға шалдыққан балалардың өмір сапасын жақсарту (шала туған, ОЖЖ зақымдануы, туа біткен және жүре пайда болған даму ақаулары, құрсақішілік инфекциялар).
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін құрамында катамнез және ерте оңалту кабинеттері құрылған педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мынадай міндеттерді орындайды:
балалардың психофизикалық дамуына кедергі келтіретін проблемаларды жою;
туа біткен және туғаннан кейін пайда болған аурулардың ұзақ мерзімді салдарларының дәрежесін төмендету;
дене салмағы өте төмен және төмен балаларға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
динамикалық бақылауда тұрған балаларға мамандандырылған медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
Кабинет мамандары келесі қызметтерді атқарады:
туа біткен және перинаталдық патология проблемаларына жақсы бағдарланған медицина қызметкерлері терең- шала туған балаларды динамикалық бақылау;
оңалту бойынша емдеу - түзету іс-шараларының жеке кешенді бағдарламаларын әзірлеу;
ата-аналарды күтім дағдылары бойынша ақпараттандыру және оқыту, бала емізуді насихаттау және қолдау;
бір жасқа дейінгі балалардың келесі тобындағы асқынуларды, мүгедектік себептерін, өлім-жітімді талдау: ЭНМТ, НМТ бар, гестация мерзіміне салмағы аз балалар, Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінде осы деректердің жоқтығын ескере отырып, реанимациялық және операциялық араласудан өткен жаңа туған балалар;
МСАК маманының немесе бейінді маманның жолдамасы бойынша стационардан шыққаннан кейін келесі жағдайлар пайда болған шала туған балалардың денсаулық жағдайын мониторингтеу:
- дене дамуы көрсеткіштерінің бұзылуында, оның ішінде дене салмағы 1000 грамнан кем шала туған нәрестелерде;
- шала туған нәрестеде құрсақішілік дамудың 3-4 дәрежедегі кідірісінде;
- сүйек минералдануының бұзылуы, сүйек деформациясы;
- АІЖ функционалдық бұзылуларымен;
- апноэ, кенеттен өлім синдромы қаупінде;
- жаңа туған нәрестелердегі бронхопульмональды дисплазиямен;
- респираторлық аурулармен, оның ішінде РСВ-инфекциямен туындаған;
- транзиторлық эндокриндік бұзылулармен;
- неонатальды холестазбен;
- шала туған анемия;
- неврологиялық бұзылулармен;
- ретинопатиямен;
- есту жітілігінің бұзылуымен;
- ОЖЖ-ның перинаталдық зақымдануымен, нейроинфекциялардың салдарымен, бас миының ТДА-мен, гидроцефалиямен, бас миының ауыр зақымдануларымен (ПВЛ, ВЖК 3-4 дәрежелі);
- эпилепсия және басқа пароксизмалды жай-күйлерде;
- операциялық араласудан өткен;
- шала туылған нәрестелердегі құрсақішілік инфекциялар.
Катамнез және оңалту кабинетінің құрылымына кіреді:
- дәрігердің қабылдау және тексеру кабинеті,
- күту залы.
Катамнез және оңалту кабинеті медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі бола отырып, өзі бөлімшесі болып табылатын медициналық ұйымның диагностикалық, физиотерапиялық және басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады.
Катамнез және оңалту кабинетінің мамандары неонатолог немесе педиатр дәрігер, орта медициналық персонал болып табылады. Қажеттілігіне қарай немесе медициналық көрсетілімдер бойынша консультациялық көмек көрсету үшін келесі мамандықтардың дәрігерлері тартылады: невролог, офтальмолог, хирург, травматолог-ортопед, кардиолог, эндокринолог, оториноларинголог, психолог, УДЗ дәрігері, физиотерапевт.
Ұсынылатын нормативтер:
өңірде туу кезінде дене салмағы 500-999 грамм болатын 50-ден аспайтын бала және туу кезінде дене салмағы 1000-1499 грамм болатын 50-ден аспайтын бала саны болған кезде 1 катамнез және оңалту кабинетін өрістету ұсынылады;
өңірде туу кезінде дене салмағы 500-999 грамм болатын бала саны 50-60 және туу кезінде дене салмағы 1000-1499 грамм болатын бала саны 70-50 болған кезде катамнез бен оңалтудың 1 бөлімшесін өрістету ұсынылады;
өңірде туу кезінде дене салмағы 500-999 грамм болатын бала саны 70-тен астам бала және туу кезінде дене салмағы 1000-1499 грамм болатын бала саны 100-ден астам болған кезде катамнез және оңалту орталығын өрістету ұсынылады».