Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі 1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.
Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.