Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі


Оқыту үшін мұның маңызы қандай?



бет10/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Оқыту үшін мұның маңызы қандай?
Бастауыш оқу бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп оны табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді (4- кесте).
4-кесте. Проблемаларды шешу тапсырмаларының мысалдары

Пән

1-сынып оқушылары...

3-сынып оқушылары...

Математика

Бірдей сандар мен фигуралар бар жұмбақтарды шешеді

Ықтималдық негіздерін біледі және оны тапсырмаларды, проблемаларды және әртүрлі күнделікті мәселелерді шешу үшін пайдаланады

Жаратылыстану

Адамзаттың салауатты дамуы мен өсуі үшін талап етілетін қажеттіліктерді анықтайды (мысалы, тамақ, ұйқы)

Мекендеу жағдайларындағы өзгерістер жануарлар санының өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екендігін түсіндіреді

Дүниетану

Мектептегі арнайы орындарды зерттейді

Қазақстандағы тұрғындардың мәдени, жергілікті, аймақтық, ұлттық, этностық, діни мәнмәтініндегі сәйкестігімен танысады.

Жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сынып пәндері арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін әртүрлі тәсілдер бар.


Бастауыш сыныптардың оқу жоспарындағы ортақ тақырыптар сынып бойынша барлық пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет