Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


  А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

31. 
А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының 
адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
Керуеннің түйесіндей тізбектеліп шұбырған бұл жалғанға кімдер келіп, кім кетпеді 
десеңізші. Солардың бірі де бірегейі, қазақтың сүт бетіндегі қаймақтай қалқып шығар зиялы 
тұлғасының бірі Ахмет Байтұрсынов. Оның келер ұрпақ, болашақ жастарға, жас шыбықтай 
жас балаларға қалдырған мысал өлеңдер қоры мол-ақ.
Ұлт болашағынан бал ашпай, керісінше мысалдары арқылы қисық бұтақты түзетуге жанын 
салған ақынның тәкаппарлық, менмендік туралы «Өгіз бен бақа », « Егіннің бастары » атты 
мысал һәм үлгі өнегеге толы өлеңдерін қызыл тілге тиек етпекпін.
Адам өмірге кінәсіз, кіршіксіз, таза парақ тәрізді пәк болып келеді. Өсе келе, отбасы, 
оқыған ортасы, достарының ықпалымен жамандық пен жақсылықтың ара жігін ажырата 
бастайды. Бірақ кейде тәкаппарлық пен озбырлықтың құрсауында қалып, өтіріктің торына 


шырмалып қалатынымыз тағы бар. Мұндай кезде не қарекетке баруымыз тиіс? Кімнен үлгі 
алып жүрміз? Біз мұны жеңе аламыз ба? Бұл сұрақтың жауабын бірге іздеп көрелік. 
Біріншіден, адамның көкірек көзі ашық, санасы ояу болса, бұл жағдайлардан сабақ алып, 
дер кезінде түсінетініне сенімім кәміл! Егер «Өгіз бен бақа» мысалындағы бақа тәрізді өз 
әлін білмей, өз болмысынан асып, өзгенің ағымына ілесіп кете берсе оның тұлғалық 
даралығы жойылады.
Екіншіден, осы жауһар, көңілге ой салатын мысалдарды жиі оқып отыру арқылы өз- 
өзімізді тәрбиелеуіміз қажет.
Үшіншіден, тек ерік жігері мол адам өмірдің осы тұстарын тасқа жарып шыққан сынадай 
жарып шыға алады. Ол үшін тек жігерлі болу керек. 
Менің ойымша, бұл мысал тек Ахмет заманында ғана емес, бүгінгі күні өз сипатын алыр 
отыр. Өмірде бұндай пасық, өркөкірек адамдардың белең алуы ғасыр дерті десекте болады.
Қорыта келе, мысалдар арқылы өмір шындығын таныта білген ақын мұрасы бізге өнеге 
болумен қатар, өмір сынақтарына үйретіп, жақсылықты насихаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет