Анамнезінде 5 жасынан бронх демікпесімен ауратындығы анықталды. бұл патология үшін ентігудің қандай түрі тән?
тұншығу ұстамасы кезінде өкпе вентиляциясының қандай бұзылыстары байқалады?
ЖАУАБЫ: 1. Бронх демікпесі тыныс алудың экспираторлық түрімен сипатталады. 2. Бұл жағдайда өкпе желдетуінің бұзылуының обструктивті түрі бар.
Есеп № 6 56 жасар науқас 20 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға кома алдылық жағдаймен түскен: бас ауыруы, әлсіздік, лоқсу, айқын ентігу байқалған. Қолданылған шараларға қарамастан науқастың жағдайы үдемелі нашарлап, диабеттік кома дамыған. Науқас есінен айырылған, пульсі жиілеген, әлсіз, қан қысымы төмендеген.