Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын



бет3/3
Дата26.12.2021
өлшемі35,34 Kb.
#105935
1   2   3
Байланысты:
1 тапсырма

3 сұраққа жауап

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі — адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, əлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. Қоғамдық мүдде- мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай одақ нəтижесіз болып, тез тарап кетер еді. Адам — қоғамның бірінші клеткасы. Қоғам — күрделі əлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері əлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлект пен құқық пайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, — деп жазды Маркс, — бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мəжбүр болады».

Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде-мақсаттың қалыптасуы;

адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

қоғамдық мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды реттеп-басқару, қоғамды басқаратын, қоғамдық тəртіпті қорғайтын мемлекеттік аппараттың өмірге келуі.

Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті ерікті шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы жəне саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.



Адамның объективтік тарихи даму процесіне жəне күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез жарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмады, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің ел халқына Жолдауындағы тапсырмасына сəйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты. Яғни үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия жəне азаматтық қоғам мəселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар тəуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ. Қазақстанның саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның маңызы зор. Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы үшін керекті институттық негіз жасалған. Осының нəтижесінде құқықтық негізде көптеген ерікті қоғамдастықтар жəне ІІІ-ші сектор ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ азаматтық қоғамның нəтижелі жұмыс істеуі үшін алдын ала институциялық жағдайлар жасау жеткіліксіз болып отыр. Азаматтық қоғамның Қазақстанда жетілмеу себептері оның мəдени-əлеуметтік жағдайлардың толық дамуымен байланысты. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін əлеуметтік эволюция қажет. Əрине, бұл азаматтық қоғамның мəдени-əлеуметтік дамуын қол құсырып күтіп отыруын қажет етпейді. Мəдени- əлеуметтік даму уақытқа ғана байланысты емес, ол мемлекеттің, қоғамның жəне оның институттарының белсенді күш салуына байланысты. Азаматтық қоғамда азаматтардың халықаралық дəрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматтық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси жəне мəдени тұрғыда жоғары дəрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тəртібі қамтамасыз етілген, шын мəнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымына əлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саналуы, заңның халықтың еркін білдіруі жəне жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі танылады. Бұл мемлекетте пікір алуандылығы кең өріс алады. Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйенің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер баршылық. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дəстүріне үйрене бастады. Бірақ Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі қайшылықтар бар. Д.Арғымбаев негізгі төрт қайшылықтарды атап көрсетті.

Бірінші қайшылық — басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі. Осының нəтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады.

Екінші қайшылық — Қазақстанда құқықтық қоғамның батыстық стандартына ұмтылудан туады.

Қазақстан қоғамының тарихи тəжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді.

Үшінші қайшылық — қазақстандықтардың саяси-құқықтық мəдениетінің ұлттық дəстүрлерден, ең алдымен, қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуіне байланысты.

Төртінші қайшылық — қазақстандықтардың құқықтық мəдениетінің төмендігі. Ел халқының коммунистік жасанды идеологияның ықпалында болуы, өтірік пен алдаудың билік құруы азаматтардың заңды құрметтеуін, заңды үнемі басшылыққа алып, орындап отыруға құлшынысын əлсіретті.



Азаматтық қоғам құрып, одан құқықтық мемлекетке өту жолында осы аталған қайшылықтар ескеріліп, жойылмаса біз Қазақстанда азаматтық қоғам құра алмаймыз. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең бірінші орында азамат, оның құқықтары мен бостандықтары, заңдық тұрғыда қорғалынуы тұрса — құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар Конституция зор маңызға ие болады. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен əрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Олардың қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, тəуелсіз конституциялық бақылаудың, заңның үстем болуы, идеологиялық жəне саяси əр алуандылықтың өрістелуі жəне т.б. конституцияда бекітілген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудың ұстанымдары бар.

Қазақстан қоғамында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық саяси өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып табылады. Азаматтық мемлекет пен құқықтық мемлекетті қалыптастыру — күрделі, ұзақ та қайшылықты процесс. Олар қоғамдық-саяси күйдегі заң орындарының жарлығына сəйкес пайда болмайды. Бұл құрылымдар белгілі бір тарихи кезең аралығында саяси жүйенің табиғи деңгейде жоғары дəрежеде дамуына байланысты негізделген. Демек, Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен саяси мəдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Сонымен, жоғарыдағы қарастырылған мəселелерді қорыта келе, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстанда күрделі процестер жүріп жатыр деп айтуға болады. Атап айтар болсақ, құндылықтарды бағалау, рухани бағдарлардың жаңа мəнге ие болуы, қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастыруда. Бұл жағдайда авторитарлық басқару əдісінен бас тартып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет негізін құруға бағыт алған Қазақстан саяси басқару жүйесі өз қызметінде демократиялық нормалар мен принциптерді басшылыққа алуы қажет. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, биліктің бөлінуі, жаңа конституция қалыптасып жария етілгенімен, халық билігі немесе демократия типіндегі билік формасы біздің қоғамымызда əлі қалыптасқан жоқ. Біздің қоғамымыз қазір екі жүйеде дамуда. Бір жағынан, ұлтаралық татулық, келісім, халықтың биліке деген сенімі түрлі саяси күштердің барлығының көрінісі бар, ал екінші жағынан — қоғамның барлық саласын қамтыған жемқорлық, қатаң орталықтанған билік, үкіметке деген сенімсіздік жəне қоғамдағы қалыптасқан жүйеге деген қанағаттанбаушылық бар. Осыдан ой түйіндейтіміз азаматтық қоғам елімізде қалыптасу сатысында, əлі елімізде шынайы саяси билікке бəсекелес болатын, саяси күштердің теңдігін қамтамасыз ететін, үкімет қызметіне бақылау жасай алатын күш қалыптаспай жатыр. Оған кедергі болып жатқан бұрынғы тоталитарлық тəртіп пен номенклатуралық жүйеге үйренген қоғамдық сана. Ескертетін бір жағдай, Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нəтижесінде, атап айтқанда, құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сəйкес Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты. Ал бұл процесс Қазақстан үшін ұзақ та күрделі процесс болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет