(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Гигиена ережелерін сақтау не үшін керек екенін түсіндіріңдер.
2. Есту сүйекшелері дегеніміз не?
3.Адам құлағының бөлімдерін ата?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл
1. Адам үшін есту мүшесінің маңызын сипаттайды.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру
|
|
Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. Неліктен сыртқы, ортанғы және ішкі құлақ деп бөледі? Олардың қандай айырмашылығы бар?
2. Құлақтың құрылысы бойынша дыбыс тербелістерінің өту реті қандай?
3. Ортанғы құлақ қызметін сипаттайды.
4. Сыртқы құлақтың құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері арасындағы байланысты анықтайды.
5. Вестибула аппараты мен ұлудене құрылысын салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Суретті қорғау
2. Сұрақтарға жауап береді.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. Естудің нашарлау себептері туралы пікірлеріңді айтады.
2. Өзара байланысын талдайды.
3. Құлақтың құрылысы мен қызметін сипаттайды.
4.Кестені толтырады.
5. «Дыбыс толқындарының құлақ құрылымдары арқылы өтуі» деген тақырыпқа эссе жазады.
6. Құлақ құрылымындағы элементтердің әрқайсысының рөлін бағалайды.
7. №12 зертханалық жұмыс. Есту қабілетін анықтау.
Дескриптор:
Жалпы -3 балл
1.Тапсырманы орындайды.
2.Кестені толтырады.
3. Эссе жазады.
4. 257-беттегі Зертханалық жұмысты орындайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|