Сциентизм
- (латынша білім, ғылым деген мағына береді) мәдениетте
ғылымның мәнін жоғары қоятын көзқарас.
Тест
– (ағылшынша тексеру, зерттеу) тікелей зерттеуге келмейтін мәліметтерді
алу үшін қолданылатын әдіс.
Технократия
(грекше өнер, шеберлік және билік деген мағынада) техникалық
мамандардың мемлекет басына келуін қалайтын бағыт.
Урбанизация
(латынша қалалық деген мағына береді) қалалардың өсуін
білдіретін әлеуметтік-экономикалық үрдіс.
Утопия
– (сөзбе сөз тамаша жер деген мағынада) ғылыми-көркем
шығармашылықтың бейнелі түрі, нақтылықты сынаудан пайда болған теория.
Футурология
(латынша болашақ және грекше ілім, білім деген сөздерден
құрылған) болашақты зерттейтін, болжам жасайтын ғылым.
Цивилизация
(өркениет) – (латынша азаматтық, мемлекеттік) ғылыми және
техникалық жетістікке жеткен қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуын білдіретін
даму сатысы.
Альтернатива
-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін
ғана талғап алу.
Альянс
-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған
ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Волюнтаризм
-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз
бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид
-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты
әдейі қыру немесе қудалау.
Глобальдылық
-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге
арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм
-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік
қозғалыс.
Еуропарламент
-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық
саяси мекеме.
Егемендік
-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: