Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасыhttps://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IVhttps://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VIhttps://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
«Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыhttps://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріhttps://nao.kz/
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздеріhttps://nao.kz/.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – педагогикалық тәжірибеге білім алушылардың академиялық білімін, негізгі біліктіліктері мен құзырлылықтарын қалыптастыруды, олардың оқуға деген ұмтылысын, оқу-танымдық әрекетке қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін білім берудің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері мен технологияларын ендіру.