Аксиома деп ешбір дәлелдеусіз қабылданатын сӛйлемді айтады. Постулат дегеніміз – белгілі бір ұғым немесе ұғымдардың арасындағы белгілі бір қатынас қанағаттандыруға тиісті талаптарды сипаттайтын математикалық сӛйлем. Теорема деп ақиқаттығы дәлелдеу арқылы тағайындалатын математикалық сӛйлемді айтады. Теоремалар тура, кері, қарама - қарсы және кері теоремаға қарама – қарсы теорема түрінде кездеседі. Тура теоремаға қарама–қарсы теорема деп оның шарты мен қорытындысын тікелей бекерге шығарудан алынған теорема.
2 Блок 9 Билет
2 Қысқа мерзімді сабақ жоспарының негізі формасы мен бөлімдерін атаңыз Қысқаша түсініктеме беріңіз
Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.