Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен
мақсатын түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
5. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
6. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).
7. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отырғыңыз немесе жатқызыңыз.
8. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз.
9.Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен:
ең бірінші үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді тазартыңыз (мақта
шариктерді контейнерге салыңыз).
10. Сол қолдың ІV - V саусақ арасына тері антисептигімен өңделген үшінші мақта шаригін ұстаңыз.
11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.
12.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I және II саусақтармен иықтың негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.
13.Тері қыртысының негізіне инені 45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.
14.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), IІ және IIІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, І саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
16.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.
17.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.
18.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз.
19. Қолды жуып, құрғатыңыз.
http://engime.org
Достарыңызбен бөлісу: |