Байланысты: «Бұлшықет корсетін дене шынықтыру көмегімен дамытуға ықпал ету»
«Бұлшықет корсетін дене шынықтыру көмегімен дамытуға ықпал ету» Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе. Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады. 2\ аэробты жол: Тотығу көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 кал\кг\сек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда энергия 75%-тен 95 %-ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан, оның негізгі физикалық сапасы төзімділік болып табылады.
Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жеткізсек, онда жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейімен сипаттауға болады. Бұлшық еттердің 50 % -тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері машықтанбағандарда 2,5-3,5 л\мин. Болса, машықтанаған адамдарда 5-6 л\мин болады.
Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы жүйесінің бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай-ақ қолдануына байланысты. 18-20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да, жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі қажеттілігінің 60%-ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек етінде энергия көзінде айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарықынын сүт қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы деген түсінік енгізілген.
Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%-ке жеткендегі жүк қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылынығ деңгейі анаэжробюты алмасудан төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг%-тен 80 мг%-ке дейін ауытқыса – бұл аралас жаттығулар, ал 80 мг%-тен жоғары болса анаэробты жаттығулар бөлінеді. Жүктеменің қарқындылығын бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің көлемі анықталады да, мынадай себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды. Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 сағ\мин-тен аспаса, олар аэробты жаттығуларда жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғ\мин-тен жоғары болса анаэробты спортты жаттығулар болады.