Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде Дәріс жоспары



Дата22.08.2017
өлшемі16,32 Kb.
#24399

Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде

Дәріс жоспары:

  • Дәріс жоспары:
  • Кіріспе сөз.
  • Бенджамин Блум туралы өмірдерек.
  • Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.
  • Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
  • Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны.
  • Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар.
  • Оқушыларға (үйренушілерге) қойылатын сұрақтар (мысалдар).
  • Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың білімін бағалау балын бөлу жобасы (танымдық қабілеттерінің даму деңгейі).
  • Күнделікті сабақ жоспарының жобасы.
  • Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау кестесі.

Мақсат қою туралы

  • Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы
  • білуі керек.
  • * * *
  • Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.
  • * * *
  • Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра
  • алады.
  • * * *
  • Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың
  • керек.

Таксономия түсінігі

  • Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
  • Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
  • Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.

Блум таксономиясы

  • Бенджамин Блум
  • (1913-1999)
  • Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.

1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».

  • 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.

  • ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.

Блум таксономиясы

  • Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
  • Білу, тану
  • Түсіну
  • Қолдану
  • Талдау
  • Жинақтау
  • Бағалау

Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

  • І. Білу.
  • Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
  • Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
  • Шәкірт:
  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
  • Нақты фактілерді біледі;
  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,
  • Негізгі ұғымдарды біледі;
  • Ережелерді, қағидаларды біледі.
  • Тапсырмалар түрі:
  • Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

ІІ. Түсіну.

  • ІІ. Түсіну.
  • Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
  • Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді
  • атқаруды атауға болады:
  • Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
  • мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген
  • мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
  • Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
  • Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
  • болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
  • Шәкірт:
  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
  • Тапсырмалар түрі:
  • Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара
  • байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз;
  • графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

  • ІІІ. Қолдану.
  • Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
  • Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
  • Шәкірт:
  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
  • Тапсырмалар түрі:
  • Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті
  • бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

  • ІV. Талдау.
  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
  • Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
  • Шәкірт:
  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
  • Тапсырмалар түрі:
  • Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

V. Жинақтау.

  • V. Жинақтау.
  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
  • Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
  • Шәкірт:
  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
  • Тапсырмалар түрі:
  • Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз,
  • бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

  • VІ. Бағалау.
  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
  • Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын
  • білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
  • жеткізуді меңзейді.
  • Шәкірт:
  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

 Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны

  • Білу түрінің мазмұны:
  • Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi:
  • жабық тест тапсырмалары;
  • қалдырып кеткен белгiлердi қою;
  • жатқа айту;
  • анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет