1 | 2 | 3 | Фонетикалық принцип | Морфологиялық принцип | Дәстүрлі-тарихи принцип | Бүгін (бұл күн), белбеу (белдің бауы), жаздыгүні (жаздың күні), т.б. | Жұмысшы (жұмышшы), түнгі (түңгі), торы ала (торала) т.б. | Хал, хабар, халайық, бейкүнә, хиуа,т.б. | Орфоэпияны оқытқанда тақтаны бөлікке бөліп, бір жағына жазылуын, бір жағына айтылуын жазып, салыстыра түсіндірген дұрыс. Мысалы, Жазылуы | Айтылуы | өнім өре бу жібу | өнүм өрө бұу жібіу | Сондай-ақ орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасату да оларды өз беттерінше жұмыс жасауға төселдіреді. Мәселен, дәстүрлі-тарихи принцип бойынша жазылатын сөздерді көркем шығармалардан тергізіп, мысал жинатуға, орфоэпиялық заңдылықтан ауытқып айтылған сөздерді талдату/ себебін дәлелдету/ т.б. тапсырмаларды орындату өз нәтижесін берері сөзсіз.
Дәрісті қорытындылау: Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығы. Орфография мен орфоэпияның бір-бірінен айырмашылығы. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделетіндігі. Қазақ орфографиясының принциптері. Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру жолдары. Орфоэпиялық сөздік, оның орфоэпиялық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы.
Бақылау сұрақтары: 1.Оқушылардың орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту кезінде қандай көрнекі құралдарды қолданған тиімді деп ойлайсыз? 2.Орфоэпияны оқытқанда тақтаны бөлікке бөліп, бір жағына жазылуын, бір жағына айтылуын жазып, салыстыра түсіндіргенде қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? 3.Қазақ орфографиясының принциптері нешеу және қазақ жазуы негізінен қай принципке сүйенеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001. 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999 5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998. 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001. 7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999 8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005. 9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986. 9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985 10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
№11 –дәріс
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер, түрлері, қолдану жолдары. (2сағат)
Дәрістің жоспары: 1. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар. 2.Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдарды тиімді пайдалану жолдары. Дәрістің қысқаша мазмұны: Көрнекілікті пайдалану арқылы оқушыларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады.Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Оқушы бірінші мүғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақтылы заттар арқылы көреді. Мектеп оқушылары, әсіресе көзбен көрген, қолмен үстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді. Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |