Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы



бет4/91
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#14086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Пән туралы мәлімет
Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады. Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)

50 мин.

Практикалық сабақ 1 сағат

50 мин.

СМЖӨЖ
1 сағат

50 мин.

СӨЖ
1 сағат

50+50 мин.

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

3

6

2

15

15

30

30

90

емтихан

Курстың қысқаша сипаттамасы:
БМ музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы пәні IIІ курс студенттеріне оқылады. Ол екі бөлімнен тұрады:
1) «БМ музыка үйрету тәрбиесінің теориясы негіздері» курсы
2) «БМ музыка үйрету тәрбиесінің технологиясы негіздері» курсы
Курс мақсаты:
- Студенттердің бойында музыкалық-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.
Курс міндеті:

  1. Бастауыш мектептің болашақ ұстаздарына музыкаға және мектептегі музыка-педагогикалық жұмысына сүйіспеншілігін қалыптастыру.

  2. Студенттерге музыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның адам өмірінде әлеуметтік ролін ашып көрсету, олардың бойында музыка өнері туралы білім жүйесін, музыканы дұрыс қабылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу қабілеттерін қалыптастыру жолдарын көрсету.

  3. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартқа сәйкестігі бағдарламасының мазмұны және онымен өткізілетін жұмыстың негізгі принциптері мен әдістерін толық игерту.

  4. Сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізудегі өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын тәрбиелеу.

Курс мазмұны:
I Кіріспе. Музыка-өнердің түрі және тәрбие құралы. Өнер – қоғамдық сананың формасы. Музыка-өнер құралы. Баланың жеке басын дамытуда музыкалық тәрбиенің атқаратын ролі. Жалпы білім беретін мектептегі музыкалық тәрбие мәселесінің қысқаша тарихы. Қазақстандағы музыкалық тәрбиенің тарихы және оның қазіргі кезеңдегі дамуы. Ресейдегі музыкалық тәрбие. Шет елдегі музыкалық тәрбие беру мәселелері.
II Бастауыш сыныптарда музыкаға үйрету және тәрбие беру мазмұны.
Мектеп бағдарламасындағы музыка материалдары, оны таңдау. Д.Б. Кабалевский, М.Х.Балтабаев, А.Райымбергенов т.б. бағдарламалары. Музыка-мұғалім-музыкант. Музыка сабағындағы іс-әрекет түрлері: ән салу, музыка тыңдау, аспапта ойнау.т.б. Музыкалық тәрбие әдістері.
III Музыкалық қабылдау-оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу негізі.
Музыканы қабалдау және тыңдау. Музыканы тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі. Халық және композиторлық жанр жүйесі. Қазақ және балалар аспаптары.
IV Музыка сабақтарында хормен ән айту.
Хор туралы түсінік. Хор партиялары. Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалды жаттығулардың ролі. Балалар дауысы және оларды сақтау. Дикция. Дирежерлық сетка. Ән үйрету жолдары. Музыка сабағында оқушылардың дамуы.
V Бастауыш сыныптардағы нота сауаттылығы.
Нота әліппесі. Нота ұзақтықтары. Динамикалық белгілер. Өлшем. Альтерация белгілері.
VI Музыкалық тәрбие жұмыстарын жоспарлау және есепке алу. Музыка мұғалімінің жұмысын жоспарлау (әр сабақ жоспары, тоқсандық, жылдық жоспарлары)
VII Сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстардың әдістемесі.
Музыкалық үйірмелер. Балалар мейрамдары мен бос уақыттары.
Сабақ мазмұны мен кестесі
1 апта
1 кредит сағат
1 дәріс
Дәріс тақырыбы: Кіріспе. БМ музыканы үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы.
Дәріс мазмұны: 1. Пәнге сипаттама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет