Денсаулық сақтау саласында отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді: • Ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі қызметтерді жетілдіру және дамыту; • Ұрпақты болу денсаулығын сақтау, жыныстық мінез-құлық, қазіргі заманғы контрацепциялық құралдарды пайдалану мәселелері бойынша халыққа арналған ақпараттық жүйені жетілдіру; • Халықтың отбасын жоспарлау қызметі мен әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету; • Аборт қауіпсіздігі технологияларын (жүктілікті 1-2 триместрлерінде пероралдық антипрогестиндер мен простагландиндерді және вакуум-аспирация үшін бір реттік пластикалық канюльді пайдалана отырып) енгізу;