«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету
«Қыз болу оңай ма?» шаш өру
«Мақалды жалғастыр» мақал-мәтел сайысы
«Сен үшін Анашым!» анама арналған бутерброд
Үй тапсырмасы «Қыз баланы қалай сылау керек?» әссе жазып келу.
Оқушылар әр тур бойынша өз өнерлерін, білімдерін ортаға сала білді. Бірі пародия өнерін көрсетсе, бірі аналарына арнаған өлең шумақтарын мәнерлі оқып берді.
Оқушылар және әділқазылар үшін ең қызықты болған «Қыз болу оңай ма?» бөлімі. Онда бүлдіршін жігіттеріміз қыз балалардың шашын әсемдеп оруге тырысты.
Сонымен бірге оқушылар аналарына арнап бутерброд дайындап, көрермендерді таңдай қақтырды.
Бутерброд дайындау барысында оқушылар өз өнерлерін аяп қалмады. Нанның бетіне көкөністермен әсемдеп салған бейнелер өздері үшін де қызықты болды. Оның ішінде 9 бала 9-түрлі бутерброд дайындап, жасалу жолдарын түсіндіріді.
Сайыс соңында балаларға әр қайсысына номиция берілді.
«Көркем жігіт», «Шебер жігіт», «Шешен жігіт», «Аспаз жігіт», «Өнерлі жігіт», «Сүйкімді жігіт», «Көрермен көзайымы» тағы басқа номинациясы беріліп, мақтау қағаздары табыс етілді.
Жоспарлы түрде интернатта
Достарыңызбен бөлісу: |