Полиэтилен
Полиэтилен – термопластикалық полимер, химиялық төзімділігі жоғары, бу және су өткізбейді, майысқақ бірақ басқа полимерлер сияқты қаттылығы төмен. ПЭ механикалық қасиеттері оның молекулалық массасы мен кристалдану дәрежесіне тәуелді болады. Жарықтың әсерінен тез қартаяды және оттегінің әсерінен деструкцияланады.
Полипропилен
Полипропилен (ПП) (-СН2 -СН–СН2-)n – ПП-1 мен ПП-5 дейінгі маркада ұнтақ және түйіршік түрінде өндіріледі. Полипропиленнің үзу беріктігі 25 МПа, салыстырмалы созылуы 100...400%, тең. Кристалдану дәрежесі 90-95%, молекулалық массасы – 500 мыңға дейін, мөлдір, улы емес, аязға төзімділігі маркасына қарай – 5 -150С аралығында болады.
Поливинилхлорид (ПВХ) (-СН2 -СНCI-)n – термопластикалық, аморфты полимер, эмульсия және суспензиялық ұнтақ түрінде өндіріледі. ПВХ ерігіштігі оның полимерлену дәрежесіне тәуелді болады: молекулалық массасы төмен ПВХ ацетонда, ал молекулалық массасы жоғары ПВХ – хлорбензол, циклогексанол және дихлорэтанда ериді.
Поливинилацетат (ПВА) (-СН2 –СН(ОCОСН3)-)n – майысқақ, түссіз және желімдеуші зат. Әдетте, сулы дисперсия түрінде алынады. ПВА күн сәулесінің әсеріне тұрақты, улы емес, адгезиялық қабілеті жоғары полимер, хлорланған және аромат көмірсутектерде, кетондар, күрделі эфирлерде жақсы ериді, ал бензин, керосин, майлар мен скипидарда ерімейді.
Полистирол (ПС) (-СН2 –СН(С6Н5)-)n - А және Б маркада ақ түсті ұнтақ түрінде өндіріледі. - Полистирол (ПС) (-СН2 –СН(С6Н5)-)n - А және Б маркада ақ түсті ұнтақ түрінде өндіріледі.
- Полиметилметакрилат - органикалық шыны түрінде белгілі. Органикалық шыны күн сәулесін жақсы өткізеді, агрессивті орталарға (сулы, қышқылды, сілтілі, органикалық) тұрақты.
- Кумарон–инденді шайырларды таскөмір қарамайының құрамындағы кумарон мен инденді бірге полимеризациялап, оны күкірт қышқылымен өңдеу арқылы өндіреді. Кумаронды шайырлардың өзіне тән исі болады, ол майлы сұйық сияқты 1720С температурада қайнайды. Әрлеу плиткалары мен лак, бояу материалдарының өндірісінде қолданылады.
- Полиметилметакрилат - органикалық шыны түрінде белгілі. Органикалық шыны күн сәулесін жақсы өткізеді, агрессивті орталарға (сулы, қышқылды, сілтілі, органикалық) тұрақты.
Достарыңызбен бөлісу: |