БөЖ Қабылдаған: Құралбаева а орындаған: Әбтай Н. А тобы: пмд-711 Түркістан 2020 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері



Дата21.01.2022
өлшемі35,95 Kb.
#113117
Байланысты:
ғылыми зерттеу әдістері 11апта
модерация

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы



БӨЖ

Қабылдаған: Құралбаева А

Орындаған: Әбтай Н.А

Тобы: ПМД-711

Түркістан 2020

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері



  1. Эмпирикалық зерттеу әдістерін атап шығыңыз.

  2. Сандық және сапалық зерттеу әдісіне мысал келтіріңіз.

Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эмпирикалық зерттеу –зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешe тәсілдері.[1] Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар. Р. Аубакирова мен М. Нұрбекова өздерінің педагогикалық зерттеу әдістемесі атты оқу құралында эмпирикалық зерттеу әдісінің ерекшеліктерін жазған. Соның ішінде: Эмпирикалық немесе тәжірибелі зерттеулер –негізінде әдеби деректер, ұғымдар емес, нақты, соңы фактілерді құрайды. Эмпирикалық зерттеулер қажетті деректерді анықтау мен жинау үшін жасалынады. Мұндай типтегі зерттеуде ғалым немесе тәжірибеші олардың тікелей қатысуынсыз өмірде болатын жайттарды қадағалайды, бекітеді, суреттейді, талдайды және қорытынды шығаратыны жазылған.[2,62]

Эмпирикалық зертеу әдістерінің жіктелуі:



  • Бақылау, тікелей бақылау және жанама бақылау әдісі

  • Әңгімелесу әдісі

  • Сұхбаттасу әдісі

  • Сұрақ-жауап әдісі

  • Сауалнама алу

  • Тест әдісі

  • Педагогикалық эксперимент әдісі

  • Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі

Сапалық зерттеулер –алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеулердің кең тараған әдістеріне тереңдетілген сұхбат жатады. Олар адамдардың мінез-құлқының сандық емес сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Егер де сандық зерттеулер «Қанша?» деген сұраққа жауап беретін болса, сапалық зерттеулерді қолдану арқылы біз «Неге?» деген сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боламыз. Сапалық зерттеулер ең алдымен зерттеліп жатқан мәселеге қатысты орын алатын түрлі пікірлерді жинауға мүмкіндік береді. Сапалық зерттеулер толық әрі жеткілікті саналады, егер де зерттеушілер сирек кездесетін пікірлер жиынтығын жинай алса. Сапалық зерттеулерде ешқандай жағдайда респонденттердің қаншасы осындай немесе өзге пікірлерді таңдағанын санауға болмайды.

Сандық зерттеулер –алғашқы деректерді жинау және талдауды сипаттайды. Бұндай зерттеулер нақты, статистикалық сандық деректер қажет болғанда жүргізіледі. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз. Мысалы: Педагогикалық зерттеу әдістемесі атты оқу құралында «Математикалық және статистикалық әдіс –педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады» -деп жазған.[2,45]

Қаңтарбай С.Е, Жүсіпова Ж.А Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі атты еңбегінде былай деп жазған: «Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:


  • Белгілі бір топтың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу

  • Зерттеу сараптамаларына баллдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер беру»[3,129]

Әдебиеттер тізімі:



  1. Эмпирикалық зерттеу әдістері [Электронды ресурс] URL: https://stud.kz/referat/show/51949

  2. Р. Аубакирова, М. Нұрбекова Педагогикалық зерттеу әдістемесі:оқу құралы. Астана, 2011. 119б

  3. Қаңтарбай С.Е, Жүсіпова Ж.А Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Алматы, 2011. 273б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет