Шеміршекті балықтар
Шеміршекті балықтардың дамуы әр түрлі жолдармен
өтеді. Көпшілігінде сары уызы көп жұмыртқа
клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне
түсіп, қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады.
Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды.
Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай болады да,
сыртына қатты қабық түзілмей, уылдырық түтіктерінің
арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдісін
жұмыртқадан тірі туу немесе «тірі жұмыртқа
туушылық» (яйце живорождение) деп айтады.
Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері
болады. Жыныс түтікшелерінің құрылысы әр түрлі топтарында
түрліше. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір
қабығы болады. Ұрықтану аналық жыныс мүшесінде емес, одан
тыс су ішінде болады.
Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын
бір жерге салады, содан кейін еркегі ішінде шәуеті
(спермотозоид) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтіп ұрықтану
болады.
Қосмекенділердің сумен байланыстылығы көбею кезінде өте
айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады,
уылдырықтардың дамуы да суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін
уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі жабысады
да, үлкен түйір пайда болады. Екі үш аптадан соң уылдырықтан
бақаның личинкасы – итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің
алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және
қоректенбейді, өйткені оның әлі аузы болмайды. Бірнеше күннен
кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы
өсімдіктерді кеміреді.
Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртына
көрінбейді. Сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары
шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын
құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері
болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді.
Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері
бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу қызметін құйрығы
атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа
өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу
тарихын қысқаша түрде қайталайды.
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап
бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды
(ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан
айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші
шеңбері түзіледі.
Бауырымен жорғаушылар тура дамиды. Оларда личинка болмайды.
Кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып,
жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек
мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқадан тірі туу тән
сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда,
солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың
арасында кең тараған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская
круглоголовка, теңіз жыландар, т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың
арасында көпшілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (кроркодилдер,
көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салуы мен оның дамуы
тек қана құрлықта өтеді.
Құстар шағылысқаннан кейінгі ұрықтанған жұмыртқаның
дамуы ана құстың ішінде басталып, сыртқа шыққаннан
кейін де дами береді. Барлық құстар жұмыртқа басады,
демек денесінің жылуымен оларды жылытады. Әдетте
жұмыртқаны ұрғашы басады, кейде екеуі де (еркегі және
ұрғашысы) немесе еркегі ғана басады. Эмбриондардың даму
ұзақтығы әр құстың түрінде түрліше. Мысалы, тауықта – 21
күн, құстың үлкені түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кішкентай
құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрізді құстардың
жұмыртқаларының даму мерзімі – 9-14 күн, қарғалардікі –
17-20 күнде, бүркіттігі – 44 күнде, кекіліктер – 21 күнде,
қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 24-28 күнде
балапан шығарады.
Сүтқоректілерде ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған.
Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс
бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының
пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықт ы
ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде
ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп
қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп
аяқтанып кетеді, ал кейбіреулері соқыр және жәрдемсіз болып
туылады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп,
аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы
жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау
сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың
өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда сан
жағынан аз бала табады.
|