Бөж орындаған: Амангелді Ш. З. Тобы: ээ-20к Тексерген: Аубакирова Г. Р. Петропавл қаласы, 2022 ж тапсырма


тапсырма: Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде»



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі33,5 Kb.
#186099
1   2   3   4
Байланысты:
Бөж орындаған Амангелді Ш. З. Тобы ээ-20к Тексерген Аубакиров-emirsaba.org

4 тапсырма:
Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде»
Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардын жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уакыт өмір сүрген. Оны Кене Стоя (3-2 г.г.), Орта Стоя (2-1 г.г.), Сонгы Стоя (1-2 г.г.) деп үш уакытқа бөледі. Көне жэне Орта Стоя мектебі екілдерінің толық 6ip шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.
Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған(космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктілер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сйәкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл ойдың, ар- ұжданның басшылығымен өмір сүру- ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.
Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.
Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің “ортаңғы жолын қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету.
Гедонизм

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д.V-Viғғ кең етек алған екі философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.


Гедонизм (гр. hedone – көңілділік, рахаттану) – адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм).
Гедонистік постулаттардың (жорамалдар) бастауларын көнеүнді, сол сияқты көнеқытайлық философиялық-этикалық ілімдерде кездестіруге болады. Гедонизм идеясы алғаш рет антикалық философияда – кирендік мектепте кездеседі. Осы мектептің негізін қалаушы, Сократтың шәкірті Аристипп таным теориясында сенсуализмді этикада гедонизммен үйлестірді. Ол өмірдің жоғары мақсатын рақаттылықта деп көрді, бірақ адам рақаттылықтарға бағынбауы керек, жоғары игілік құрайтын ақылды рахаттануға ұмтылуы керек.
Антикалық уақыттың гедонистік ілімінің шыңы Эпикурдың этикасы болып саналады (эпикуреизм). Қанағаттандыру принципіне сүйеніп, Эпикур бақыт концепциясын жасады (эвдемонизм). Оған сәйкес ең биік игілік қызықтармен ақылды рахаттану болып есептеледі. Игілік – қанағаттандыруды тудыраттынның бәрі, зұлымдық – азапты әкелетіннің бәрі. Эпикур бойынша, жоғары игілік – бұл рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Эпикурейшілдікте гедонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.

Жалпы алғанда, әлеуметтік-философиялық және этикалық ойдың тарихы мен тәжірибеде гедонизм принципі екі жақты роль ойнады және ойнайды. Бір жағынан, ол прогрессивті функция атқарды, себебі этиканы адам өміріне ашық идеалистік, схоластикалық, мистикалық көзқарастардан босатты, реалдылы (шынайы), "жерлік" мазмұндағы моральдерді көрсетті. Екінші жағынан, белгілі амалмен эгоистік бейімділіктердің, өмірдің ойлаусыз тұтыну салттарының дамуын ынталандырды. Сондықтан гедонизм принципін адамның қоғамға және өзіне байланысты жауапкершілігімен, "ақылды қажеттіліктер", тек қана индивидуалды (жеке) емес, сол сияқты әлеуметтік этика, қазіргі заманғы моральдік мәдениеттің талаптары мен нормалары проблемасын түсінумен толықтыру алда тұр.


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет