Бөж тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан Орындаған: Қаратаева Айсана Тобы: ппм-312 Буын және дыбыс үндестігі Жоспар Кіріспе



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі162,3 Kb.
#189168
1   2   3   4
Байланысты:
тілдік 1

Ілгерінді ықпал – Сөз ішінде немесе сөз аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп, ықпалын көрстепі тұруын айтамыз.Ілгерінді ықпал заңдылықтары:
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.
2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.
3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.
4. Сөздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, қосымшадағы с дыбысы ш болып айтылады. Мысалы, көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, т.б.
5. Сөздің соңы дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға бітсе, екінші сөздің басындағы қатаң к, қ дыбыстары ұяң г, ғ болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкөкше – Байгөкше, бозкөде – бозгөде, Тұрарқожа – Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б.
6. Сөздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ұяң дауыссыздар айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т.б.
Кейінді ықпал – бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп ықпал жа сауын айтамыз. Кейінді ықпал заңдылықтары:
1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т.б.
2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т.б.
3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т.б.
4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т.б.
5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т.б.
6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т.б.
7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет