Бөж тақырып: Ежелгі Үнді философиясы Топ: жфз 313 Орындаған: Нурали Ш.Өтеген А. Қабылдаған: Шадинова Г. Түркістан – 2024


Үнді философиясындағы материалистік көзқарастар



бет6/8
Дата05.04.2024
өлшемі49,26 Kb.
#200560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат философия1

2.Үнді философиясындағы материалистік көзқарастар

Әрине, Үнді философиясында идеалистік ағымдар басым болғанымен, сонымен қатар онда материалистік көзқарастар да пайда болды.


Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ, олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар жер, су, от, ауа, кеңістік. «Осы дүниеде бес тұрақты қосылған, оған джива неге керек (джива жан-дүние). Егер 5 тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосынды да жоқ. Ет, қан, май, сүйек, және оларды біріктіретін тарамыстан дене тұрады. Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ. Жұрт джива естиді деп айтады. Бірақ құлақпен біз естиміз бе?» деген материалистік көзқарастарды біз кездестіреміз. «Джива (жан) дегеніміздің өзі дене. Ал дененің бәрі қартаяды, өзгереді, құриды. Ең алдымен ескіріп, тесіліп, содан кейін құлайтын үй сияқты, сезім, манас (ақыл), жел де, ет пен қан да, сүйек те шіріп, әрбіреуі өзін тудырған заттарға айналады», - деген сөздерді оқуға болады. Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы материядан - пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун қасиет) бар. Олар- саттва, раджас және тамас.
Саттва - ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі.
Раджас – құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді.
Тамас- жайбарақаттық пен жалқаулықты, ұйқы мен миғұлалықты көрсетеді.
Үнді материалистерінің бірімен күресте болады. Егер раджас пен тамас жеңілсе, онда саттва 3 гуны бір- үлкейеді. Раджас пен саттва женілсе, онда тамас ұлғаяды. Тамас пен саттва жеңілсе, раджас күшейеді. "Саттва ұлғайған адам өлгенде таза әлемге жетеді.
Раджас ұлғайған адам өлгенде, ол тағы карманың шенберінде туады. "Тамас ұлғайған адам өлгенде, олар адасқандардың ішінде кайта дүниеге келеді.
«Саттваға тұрақтылар жоғарыға бағыттайды, раджаска ортада калады, тамаска төменге, караңғыға кетеді».
Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары карапайым адамдардың арасында кең тарағанға ұқсайды.
"Осы өмірде бақытты болуға тырысайық! Өлмейтіндер бұл өмірде жоқ екен.Ол өлген сәтте күлге айналады. Қалайша, ол бұл өмірге тағы келеді.Олай болса чарвактар өмірдің мәнін байлық пен ләззат алудан көрген, олар о дүниені мойындамаған.
Дүниеге құмарту, одан ләззат алудан ол бізге зардап әкеледі деп неге қашамыз? Біз өмірден ләззат алып, зардаптан құтылуымызға болады. Ол балықты ұстап алып етін жеп, сүйегін лақтырып, күрішті қабығымен алып, оны тазалап жеген сияқты деген пікір айтады.
Чарвактар әсіресе брахман дініне қарсы шығып, о дүние, жұмақ, тозақ ұғымдары адамдарды қорқытып, сондай көзқарасты тарату арқылы өзін асырап жүрген, ақылы мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың айласы деген пікір айтады.
«Егер құрбандыққа шалынған жануар аспанға аттанса, Онда соны жасаған адам өзінің әкесін неге шалмайды?»
«Бұл өмірде ойнап күл де, қарызға алсаң да іхид іш (їхид - шараптың бір түрі). Ертең-ак күлге айналғанда, қайта өмірге келесің бе? Егер денеден кеткен басқа әлемге аттанса, онда ол өзі сүйетіндерге неге қайта оралмайды?» - деген өткір сұрақтар қойып, өз заманындағы брахмандармен күрескен.
Үнді философиясында Дүниенің негізін екі бастамадан пракрити (материя) және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да кездестіруге болады.
«Білгің келсе, пракрити мен пуруша екеуінің де бастауы жок: біл, сананың өзгеруі пракритиден шығады; себеп пен іс-әрекеттің кайнар көзі пракритиде. Пуруша пракритидің тудырған гунда- рынан ләззат алады», - дейді.
Қорыта келе, біз көне Үнді философиясынан тамаша ойлар кездестірдік.Олардың көбі біздің қазіргі заманға лайық, бүгін өмір сүріп жатқан адамдарға өзінің зор әсерін тигізеді.Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық топтарында кейбір адамдардың Үнді дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі ол, әрине, бүгінгі таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты. Сонымен қатар Үнді халқының бейбіт рухы, адамның бұл өмірде орын табу жөніндегі толғанысы өзіне баурап, тартпай қоймайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет