БөЖ тапсырмасы


Ақпараттық технологиялардың мақсаты



бет2/2
Дата14.12.2021
өлшемі52,5 Kb.
#100736
1   2
Байланысты:
БӨЖ тапсырмасы

Ақпараттық технологиялардың мақсаты:

1. Жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2. Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

3. Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

4. Жалпы компьютерлік сауаттылық;

5. Білім мен тәрбиенің бірізділігі;

Қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет.  Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылыктары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша.

Өйткені,  олар - өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл коғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялык - педагогикалық, дидактикалык әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпаратгық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттык құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Ақпараттык коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулыктарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.

Ақпараттык әдістемелік материалдар коммуникациялык байланыс құралдарын пайдалану аркылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын программаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Акпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға акпараттық білім негіздерін беру, логикалык - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын калыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

 

Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттык және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде колдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулыктарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.



Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне "дыбыс беру", олармен диалог "жүргізу" қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлық кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.

Информатика сабағында электрондық оқулыкты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.

Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.

Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулыктың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулыктарды пайдалану оқушылардың, танымдык белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын қанағаттандырмайды.

Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жана оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компъютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді камтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалык оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруде, гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уакытты үнемдейді. Электронды оқулық оқушының уакытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып калған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттык ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір – бірімен өте тығыз байланыста болады.

Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды.

Конфуций: «Маған айтып берсең  - ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Ақпараттык коммуникациялық технологияны тек сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақыттада қолданамыз. Өйткені кез- келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Ақпараттык коммуникациялық технологияны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі.

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Қорытынды:

Жоғарыда айтылған ой пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде, мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру, жүйелі түрде іске асады деуге болады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланылуы кеңейтіліп келеді. Электронды оқыту- компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану оқушылардың оқу деңгейін көтеріп пәнге деген қызығушылықтарын арттырып отыр. Олай болса,  бұл әдісті тек кана информатика пәнінде емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады



эссе

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет