Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері



бет4/4
Дата11.05.2022
өлшемі35,73 Kb.
#142616
1   2   3   4
Байланысты:
0005d700-df1192af

[1].Проблемалық және кейс әдісімен оқыту барысында оқушы ойына дұрыс бағдар жасап, жауап табу әдістерін үйренеді. Мен проблемалық сұрақты бірнеше кезең бойынша құрастырамын:
1.Оқушы шамасына лайық болуы.
2.Бала іштей өз білімін талдап, жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі.
3.Сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдары мен жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді.
4.Дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Проблемалық оқытудың артықшылығы мынада: Оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.. Кейс әдісін екі кезең бойынша қолданамын.
1. Кейс (жағдай) таңдап алу, сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс және жағдайды құрастыру және суреттеу арқылы.
2. Сабақтағы іс – әрекеті арқылы. Басты назарды оқушылардың ұсынылған жағдаяттарды талдауы мен өзіндік баға беруіне, ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруіне және шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударамын. Кейс әдісі креативті ойлауды дамытып, сабақтың мазмұнын құруда шығармашылық мүмкіндікті кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс.Осы әдістің көмегіменоқушыларөз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады.Оқушыситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Мысалы, «Органикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбында өткізілген сабағымда пайдаланылған әдіс – тәсілдерді қарастырайық.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл, топтық жұмыс.
2-модуль: Кейс әдісі, ассоциация, суретпен жұмыс, топтастыру.
3-модуль: Бағалау.
4-модуль: Проблемалық оқытуды пайдалану, бейнекөрсетілім.
5-модуль: Көшбасшылық, топты басқару.
Күтілетін нәтиже:
1.Проблемалық оқытуды пайдалану арқылы жаңа түсініктер қалыптасады.
2.Кейс әдісі бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында жаңа идеялар, жоспарлар, тәжірибенің қорытындысы туралы пікірлер қалыптасады.
3.Оқушылар ойын еркін жеткізе отырып, қорытынды жасай алады. Топпен жұмыс барысында оқушылардың таланттылығы анықталады, яғни, көшбасшылар анықталады.
4.Оқушылар органикалық қосылыстардың кластарына сипаттама бере алады.
5.Органикалық қосылыстардың құрылысы мен номенклатурасы туралы танысады.
6.Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындай алады.
Сабақтың жүру барысында оқушыларға «бағалау парақшасы» таратылады. Сабақты төрт бөлімге бөліп өткізуге болады.
І.КЕЙС: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».
Оқушылар химиялық диктант, сәйкестендіру тест орындайды. (1кесте).
ІІ.КЕЙС: «Білімді мыңды, білекті бірді жығады».
Тақырыпқа сәйкес бейнекөрсетілім тыңдалады.Оқушылар сұрақтарға жауап береді және БББ кестесіндегі «Білемін», «Білгім келеді» бөліктеріне ауызша жауап береді. (2кесте).
IІІ.КЕЙС: «Іздесең табасың, талаптансаң жетесің, зейін салсаң ұғасың».
Оқушылар органикалық кластар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырып постер жасайды, яғни, интербелсенді тақтамен, шарикпен, ауызша, жазбаша, модель жасау арқылы орындайды. 1. Алкандар – Метан - Алкандар қандай заттар?
2. Алкендер - Этан - Полимерлену реакциясы дегеніміз не?
3. Алкиндер – Ацетилен - Хлорвинилдан қандай полимер алынады?
4. Алкадиендер - Бутадиен - Резеңкені қалай алуға болады? (3кесте).
ІV.КЕЙС: «Асу бермес асқар жол». Оқушылар органикалық заттардың қолданылуына кластер жасайды, яғни, маркермен тақтаға карта түрінде дәлелдеп ауызша және жазбаша орындайды.
1. Күйе не үшін жұмсалады?
2. Дихлорэтан қайда қолданылады?
3. Вулканизациялау қалай жүзеге асады?
4. Металдарды пісіру дегеніміз не?
Алыну жолдары тәжірибе арқылы өрнектеп көрсетіледі. Зертханалық сабақты бірлескен іс – әрекетке жұмылдыру арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар бірлескен іс – әрекетке дәлелдемелер құрып, талқылайды. (4кесте).
Рефлексия: Сөйлемдерді аяқтап, талдау:
1. Бүгінгі жаңалық:
2. Сабақтағы басты ой:
3. Менің ұсынысым:
Ілмек сөздер: Полимерлену, вулканизациялау, пластмасса.
Бағалау: «Бағалау парақшасы» бойынша әр топ бір-бірінің ұпай сандарын есептеп, қорытындылайды. (5кесте).
Ал, «Көмірсулар» тақырыбын өткенде мына мақсатты орындауға мүмкіндік туды: Көмірсуларды бір-бірінен ажырата алу, қолдану. Көмірсулардың өзіндік қасиетін білу. Формальдегид пен сірке қышқылынан ажырата алу. Көмірсулардың жіктелуін білу.
Сабақтың өзектілігі: Көмірсулардың ашу процесіне қатысуы.
Маңыздылығы: Көмірсулардың адам организмінде зат алмасуға қатысуын, энергия көзі екенін кейс арқылы оқыту.
Гипотеза: Егер көмірсулардың қасиеттерін түсініп жүйелі қолдансақ, изомерлерін меңгерту дамитын еді.
Ғылымилығы: Көмірсулардың ауыл шаруашылығында алатын орнын білу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасайды, сөйлеу, ойлау, іздену, ой қорыту, пікірталасқа түсу дағдылары дамиды, ұжымдасып еңбек етуді үйренеді, өзекті мәселені шешу арқылы қиындықты жеңеді, білім сапасы артады, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілет дамиды, жаңалық ашуға, өз қолымен өнім алуға ұмтылады.
Сабақты мына жоспар бойынша өткіздім:
1. Кіріспе: Көмірсулар туралы теориялық білім алу.
2. Негізгі бөлім:
а). Көмірсулар мен көмірсутектерді ажырата алу.
ә).Практикада алатын орнын білу.
б).Көмірсулардың түрлерін ажыратып практикалық жұмыста қолдана алу.
3. Қорытынды бөлім: Көмірсулардың биологиялық маңызын дамыта отырып, химиялық реакция теңдеулерін еркін жазуға машықтану.
Көмірсулардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, дәлелдеу.
1. Көмірсулардың фотосинтез процесі нәтижесінде түзілуі, фотосинтез процесі бейорганикалық және органикалық қосылыстар арасындағы байланысты сипаттайды.
2. Глюкоза молекуласында альдегид тобы мен гидроксил топтары бар екенін дәлелдеу.
Тәжірибелік бағыттағы практикалық жұмыстар:
№1. Глюкозаның күміс оксидімен әрекеттесуі
№3. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
№4. Кальций сахаратының алынуы
№5. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі және гидролизі.
№6. Адам қанының құрамындағы глюкозаның организмге қалай келетінін дәлелдеу.
№7. Көмірсулардың ұқсастығы мен айырмашылығы:
№8. Химиялық заттардың қасиеттерін зерттеу;
№9.Химиялық реакциялардың жүру шарттарын білу, болжау мүмкіндігін дамыту.
№10. Ұқсас суреттер арқылы ортақ мағынаны табу. (6-кесте).
Сабақ барысында пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға оқушыларға мүмкіндік беріледі. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясында мынадай жұмыстар атқарылды:
1. Жеке өзіндік жұмыс.
2. Шағын топтармен жұмыс.
3. Тәжірибе нәтижелері [9].
Тиімділігі: Оқушы өз бетімен білім алады. Барлық оқушылар үшін қолжетімді.
Келешекте: Тақырып бойынша кейс құрастырып, қашықтан оқытуға тапсырма дайындау мүмкіндігі бар. Мен өз сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Себебі топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің ұйымшылдығы, ауызбірлігі, бір-біріне деген сенімділігі - сабақтағы белсенді іс - әрекеттерінің кепілі. Сол себепті сабақтарымда сабақ тақырыбына сай слайдтар, түрлі ойындар мен тренингтер пайдаланамын. Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынастары, достықтары нығая түсті. Бұл сабақ сапасына оң әсер етті. Оқушылар топтасып жұмыс істеу арқылы бір - бірінің пікірін тыңдауға, белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға, әр балада әртүрлі идея, әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынды. Проблемалық оқыту мен кейс әдісінде оқытуды өмірдегі нақты жағдайлармен байланыстыра отырып, проблеманы шешудің жолдарын іздеуге еркіндік береді. [2,3]. Зерттеулерім бойынша проблемалық оқыту мен кейсәдісінің мынадай тиімді жақтарына көзім жетті.
* Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті артты;
*Оқу еңбегіне қызығушылығы артты;
*Өздігінен саналы жұмыс істеуге үйренді;
*Тиянақты білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізді.
*Проблемалық оқыту мен кейс әдісінде оқушылар ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету процесін меңгеріп, таным дербестігі қалыптасып, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Осындай әдістерді сабақта жиі пайдалану барысында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеті шыңдала түседі. Нәтижесінде:
*Оқу материалының мазмұнын талдау, саралауды үйренді.
*Проблеманы ашу, шығармашылық еңбекке қол жеткізуі қалыптасты.
*Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау жолдарын меңгерді.
*Сабаққа қызығушылығы артты, ақпаратты өз бетінше саралап, шынайы бағалауды, өз жауаптарын дәлелдей білуді үйренді.
*Оқушылардың жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау қабілеттері дамыды.
*Табандылық, сынға төзімділік қасиеттері айқын көріне бастады.
Бұл стратегиялармен жұмыс жасау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытты және түрлі қасиеттерін ашуға ықпал жасады. Жаңа технологияның қарқынды дамуы ұстаздарды да, оқушыларды да білімнің шыңынан көрінуге жетелейді. Осы орайда, оқушыларға жаңа технологияның барлық түрлерін тиянақты меңгертіп, көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға қалыптастыруға ерекше жұмыстанамын. Туған өлкеміз дамыған елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына зор көңіл бөліп, жастардың болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етудемін. Тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі. Білім алған әрбір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бақыт Әжіғұлқызы «Жеке тұлғаның руханилығын байытудағы мұғалімнің кәсіби компетенттілігі»
2.Жадрина М. Ж. «Өмірлік дағдылар мен құзырлылықтарды дамыту
3.технологиясын құру тәсілдері», Открытая школа. №2. 2005.
4.Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері, интернет қорлар.
5.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2006.
6.Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007.
7.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы - 2050; Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014.
8.ҚР «Білім туралы» заңы.
9.«Қазақстан мұғалімі» журналдары. 2013 - 2015.
10. «Химик анықтамалығы» журналдары. 2013 - 2015.
11. Садуақасқызы К. «Ұжымдық әдіспен оқыту». Химия мектепте, 2013.
12. Тайшикова К. «Жобалау технологиясын сабақта пайдалану
Химиялық диктант: (1-кесте).

1. Алкандар – қаныққан көмірсутектер. Алкандардың жалпы формуласы – С пН 2п +2 Алкандардың қарапайым өкілі – метан. Алкандар – мұнайдан алынады. Метан молекуласының кеңістіктегі пішіні тетраэдр тәрізді. Алкандарға SPгибридтену тән. Метан гомологтеріндегі көміртек атомы кеңістікте ирек-зигзаг тәрізді тізбек құрайды.

3. Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар, жалпы формуласы С пН 2п-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Алеиндер табиғатта кездеспейді.

2. Молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы С пН 2п болатын қанықпаған көмірсутектер – алкендер деп аталады. Алкендердің ең қарапайым өкілі – этилен, оның формуласы СН 2 = СН Сутек қосыла жүретін реакциялар гидрлену деп, ал галогендердің қосылуы галогендену деп аталады.

4. Арендер молекуласының құрамында бензол сақинасы бар, жалпы формуласы С пН 2п-6 болатын карбоциклді көмірсутектер. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады деп бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған неміс ғалымы А.Кекуле.

Сәйкестендіру тест:

1. Алифатты--ашық тізбекті
Циклді--тұйық тізбекті
Алкандар--парафиндер
Це аш үш--метил радикалы
Метанның формуласы--СН 4
Этанның формуласы--С 2Н 6
Көмірсутек құрамындағы қай элементтер---көміртек, сутек
Спирттер жалпы формуласы --R-ОН
Алканның жалпы формуласы--С пН 2п +2
СН 2 тобы--гомологтық айырма

3. Ацетиленнің құрылымдық формуласы---Н-С = С-Н
Пентин-1--С Н 8
Гидрлену--сутекті қосып алу
Гидратация--су қосып алу
Полимерлену---үлкен молекулалы қосылыс алынуы
Бензол--СН 6
Фенол-- СН ОН
Толуол--СН 5 – СН 3
Декан-- С10 Н 22
Алкандар--парафиндер

2. Этиленнің формуласы-- С 2Н 4
Алкандар (С–С4)--газдар
Алкандар (С–С15)--сұйық
Алкандар (С15 тен жоғары)--қатты
Крекинг--аз көмірсутек түзілуі
Риформинг--ароматты көмірсутектерге айналу
Циклоалкандар--циклопарафиндер
Этиленнің басқаша аты--этен
Алкадиеннің жалпы формуласы-- С пН 2п -2
Алкадиенді полимерлегенде--көксағыз (каучук)

4. Циклопарафиндер--нафтендер
Циклогексан--сұйық
Этилен көмірсутектері--олефиндер
Алкендерге--ен жұрнағы
Алкандарға--ан жұрнағы
Алкиндерге--ин жұрнағы
Этиленді полимерлегенде--полиэтилен
Дивинил--бутадиен-1,3
Изопрен--2метилбутадиен-1,3
Айырылу--ыдырау

(2-кесте).

р/с

Білемін

Білгім келеді

Білдім

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




№2 кестедегі сұрақтар:
1.Метанның физикалық қасиеті мен формуласы қандай?
2.Алкандар жанғанда не түзіледі?
3.Этиленнің физикалық қасиеті мен формуласы қандай?
4.Изомерлер мен гомологтар дегеніміз не?
5.Көмірсутектер құрамында қандай элементтер болады?
ф

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет