Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау
Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді бикс, 2 астауша, стерильді корнцанг.
Қолғапты шешпей, жарақаттанған жерден қанды сығып шығару, қолғапты шешу, 3% хлорамин ерітіндісіне тастау.
Қобдишадан крафт пакет ішіндегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.
Қобдишадан 70% этил спирті, 5% йод ерітіндісін алу.
Жарақатты 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, шарикті астаушаға тастау.
Қанды тоқтатпай, қолды сабынмен жуу.
Жарақатты стерильді мақта шаригімен құрғату, шарикті астушаға тастау.
Жарақатты 70% спиртпен қайталап өңдеу, содан соң 5% йод ерітіндісімен өңдеп, қолданылған материалдарды астаушаға тастау.
Жарақатқа бактерицидты пластырьді жабыстыру.
Резеңке саусаққапты киіп, үстінен қолғапты кию керек.
Достарыңызбен бөлісу: |